Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 08-21.06.2015


09.06.15. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің (Астана қ.) Бас ғимаратында М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен, «Қазақ хандығынан – «Мәңгілік елге» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов қатысып, «Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары» тақырыбында баяндама оқыды.

11.06.15. Институтта танымал мемлекет және қоғам қайраткері Ж.А. Тәшеновтің туғанына 100 жыл толуына орай «Жұмабек Тәшенов – азамат, қайраткер, тұлға» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы мүшелері мен институт қызметкерлері қатысты.

16.06.2015. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қайнар» университеті мен Философия, саясаттану және дінтану институтының ұйымдастыруымен өткен «Қазақ хандығы феномені: тарих және тағылым» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысып, «Қазақ хандығы: тарих және дәуірлері» тақырыбында баяндама жасады.

18.06.2015. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов, институт директорының оырнбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлова, Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Айтуға оңай» бағдарламасында белгілі мемлекет қайраткері Жанайдар Сәдуақасов туралы сұхбат берді.