Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 22.06.-05.07.2015


22.06.15. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов «Қазақстан» телеарнасына Ұлы Отан соғысының басталу тарихы жөнінде сұхбат берді.

23.06.15. «Егемен Қазақстан» газетінің №116 (28594) санына институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжановтың «Қазақ хандығының бастаулары мен тарихи дәуірі» тақырыбында мақаласы жарық көрді.

26.06.15. «Казахстанская правда» газетінің №119(27995санына институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжановтың қазақтың танымал тарихшысы С. Асфендиаровтың ғылыми еңбектері туралы сұхбаты жарияланды.

30.06.15. Институтта кезекті ғылыми кеңестіңкезекті отырысы өтті.

03.07.15. ҚР Мемлекеттік Орталық мұражайында Н.Ә. Назарбаевтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстан Президенті» атты көрменің ашылуы болып өтті. Бұл шараға институт қызметкерлерінен т.ғ.д. Г.С. Жүгенбаева, т.ғ.к., доцент З.М. Төленова, т.ғ.к. Қ.К. Қожаханова, ҒК А.А. Оралова, Г. Утегулова, А. Нұрманова қатысты.