Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ақпараттық хат


2015 жылдың 11 қыркүйегінде Қазақ хандығының құрылуының 550-жылдығына арналған «Мәңгілік ел» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының өтуі жоспарлануда.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты

 

Ақпараттық хат

2015 жылдың 11 қыркүйегінде Қазақ хандығының құрылуының 550-жылдығына арналған «Мәңгілік ел» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының өтуі жоспарлануда.

Конференция жұмысына отандық және шетелдік жетекші ғалымдар қатысады.

«Мәңгілік ел» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (Бұдан әрі – Конференция) Қазақ хандығының қазақ халқы мен оның мемлекеттілігіндегі рөлі мен маңызын, оның қазіргі Қазақстан халқының ұлттық бірегейлігінің қалыптасуына әсерін ғылыми негізде көрсетуге бағытталған. Конференция барысында «Мәңгілік ел» жаңа жалпыұлттық идея аясында Қазақстан Республикасы халқының жоғары адамгершілік мұраттарын болашақ ұрпақ үшін сақтау мәселелерін қарастыру көзделген.

Конференцияның өтетін жері мен уақыты.

Назарбаев университеті, 2015 жылдың 11 қыркүйегі, 14:00 – 18.00

Конференцияны өткізудің тәртібі.

Қатысушыларды тіркеу. 14.00 – 14.30

Пленарлық мәжіліс. 15.00 – 16.15

4 секциялардың отырысы: «Қазақ хандығы және Мәңгілік ел: теория және практика», «Казахское ханство и Мәңгілік Ел: теория и практика», «Қазақ мемлекеттілігінң генезисі: бастауларынан – қазіргі замаңга дейін» (Генезис Казахского государства – с даты основания до настоящего времени), «Қазақ құқығы мен билер сотының төрелігі – қазақ мемлекеттілігінің феномені» («Казахское право и суд биев – феномен Казахского государства»), «Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі әлемдегі орны» (Место независимого Казахстана в современном мире). 16.30 – 18.00

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің байланыс телефондары: 8-7172-74-24-54, моб. 8-701-620-40-81, 8-701-314-92-47, факс: 74-24-62, bakhmetov@edu.gov.kz

Конференцияға қатысу үшін Ұйымдастыру комитетіне Өтінім мен мақаланың тезистерін жолдау қажет:

1. Үлгі бойынша толтырылған Өтінім (төменде қараңыз);

2. Мақала тезисі – көлемі 7 параққа дейін, интервал – 1, қағаз және электронндық нұсқада. Шетелде және өзге қалаларда тұратын қатысушыларға мақала мәтінін жеке файлмен қосымша тіркеп Ұйымдастырушыларға электрондық нұсқада жолдауға болады (файлдың атауы: БІРІНШІ АВТОРДЫҢ АТЫ-ЖӨНІ – мақала).

Конфернцияның жұмыс тілдері: Қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция материалдары жеке жинақ болып шығады деп жоспарлануда.

 

ТЕЗИСТЕРДІ ТАПСЫРУ УАҚЫТЫ 2015 жылдың 10 тамызына дейін келесі мекен-жайға:

010000,  Астана қ-сы, Орынбор кошесі, 8. Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, 11 этаж
Ұйымдастыру комитеті, ҚР БҒМ Мемлекет Институты.

Байланыс телефондары, факс:

Тел.: 8 (717) 274-01-68, 8 (717) 274-12-81, 8 (717) 274-10-45.
Факс: 8 (717) 274-10- 54
E-mail: iig.2015@mail.ru.

 

МАҚАЛАЛАРДЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Мақаланың көлемі 7 парақтан аспауы керек, MS WORD, *.doc, *.rtf.

Файлдың атауы мақаланың бірінші авторының аты-жөнінен басталуы керек.

Шрифті«Times New Roman», кегль 14; немесе «KZ Times New Roman», кегль 12.

Жиектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол – 3, оң– 1 см.; интервал – 1.

Мақаланың аты кіші әріппен, қаралау, парақтың ортасында беріледі. Бір интервалдан кейін оң жағында автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, ұйымның атауы (жақшада: қаланың, мемлекеттің атауы) жазылады.

Пайдаланылған әдебиетке сілтемелер мақаланың мәтінінде төртбұрышты жақшада рет-ретімен беріледі [7,  99 б.]. Кестелер MSWORD редакторында берілеуі керек. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында беріледі.

 

 

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ:

АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ: КЕРЕЙ МЕН ЖӘНІБЕК

Қалиев Ж.Н.
пед. ғ.кандидаты,
Мемлекет тарихы институты
(Астана қ., Қазақстан)

Мәтін… [1, 25 б.]. Текст… [2, л.47].

 

Әдебиет:

1.Бартольд В.В. Тюрки: Двенадцать лекций по истории турецких народов Средней Азии. – Алматы: «Жалын», 1993. – 192 с.
2.Абусеитова М. Х. Казахстан и Центральная Азия в XV-XVІІ вв.: история, политика, дипломатия. – Алматы: «Дайк-Пресс», 1998. – 268 с.
3.Касымбаев Ж. К. Государственные деятели казахских ханств (XVІІІ в.). – Алматы: «Білім», 1999. – 288 с.

«Мәңгілік ел» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қытысушының Өтініш үлгісі

 

Аты-жөні (толығымен) __________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): __________________________________

Қызметі: ___________________________________________________

Ұйымның толық атауы __________________________________________

Байланыс телефоны: ____________________________________________

Автордың мекен-жайы:____________________________________________

Факс, E-mail ____________________________________________________

Мақаланың қысқаша аңдатпасы:_____________________________________