Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Дөңгелек үстел


2015 жылдың 27 тамызында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Қазақстан Республикасының Ата заңы – тұтастық пен теңдіктің кепілі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтіп, оған институт қызметкерлері, PhD-докторанттар мен магистранттар қатысты. Дөңгелек үстелдің жұмысы Институт директорының орынбасары, т.ғ.д., С.О. Смағұлованың кіріспе сөзімен ашылды. Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Қоңқабаева Арайлым Нұрболатқызы мен Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері Сатенова Марал Ратаевна баяндама жасады.

А.Н. Қоңқабаева өзінің баяндамасында Қазақстан Республикасы Конституциясының құрылу тарихына қысқаша шолу жасап, қазіргі кездегі жас ұрпақтың заңға деген қызығушылығының артқандығы мен басқа да заңдық-құқықтық құжаттарға тоқталып өтсе,  М.Р. Сатенова жасаған баяндамасында Қазақстанның жаңа конституциялық жүйесіндегі адам құқықтарын реформалау мәселесін айтты. Сонымен қатар мемлекеттің тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазақстандық азаматтарының әлеуметтік мәртебесіндегі конституциялық өзгерістерді, мемлекеттің адам құқығына қарым-қатынасы қандай екенін ашып берді.

Баяндамашылар елбасы Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттік құрылымның қолдауымен жүргізіп жатқан әлеуметтік бағдарламаларын жүргізу мен іске асуын көрсетті.

Дөңгелек үстелдің соңына қарай Институттың ғылыми қызметкерлері Р.Е.Оразов, Д.Ж.Жайлыбаев, А.А. Оралова, Н.Ы.Жетпісбай; PhD-докторанттар: Т.А. Әпендиев мен Қ.М. Мырзаходжаев, сонымен қатар магистранттар Г.М. Әбікова мен Г. Кұрманбаева Қазақстан Республикасы Конституцияның негізгі ережелері мен басқа да заңнамалық актілері жайлы ой-пікірлерімен бөлісті.