Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 06-30.08.15.


11.08.15. Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ҒК Р.Е. Оразов «Қазақстан» телеарнасының «Жаңалықтар» хабарында «Қазақ халқының тарихында қолына қару алып, белін буып атой салған арулар көп» (Бопай ханым туралы) тақырыбы аясында сұхбат берді.

16.08.15. «Аңыз адам» журналының №16(124) санындағы «Ілияс Есенберлин» атты айдарына Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ҒК Р.Е. Оразовтың «Тарихи тұлғаларды көркем әдебиетте тамаша бейнелейді» атты мақаласы жарияланды.

26.08.15. «Ғылым Ордасы» РМК-да ҚР Конституциясының 20-жылдығына арналған «Қазақстан Республикасы Конституциясының мәдени-тарихи өлшемі мәселелері және болашағы» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл шарада Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ЖҒК, т.ғ.к. Г.Ж. Өскембаева «Қазақстан конституцияларының тарихы» тақырыбында баяндама оқыды.

26.08.15. Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. Г.Н. Ксенжик Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарих қойнауынан қазіргі заманға дейін» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға (Орал қ.) қатысып, «Қазақ хандығы картографиялық деректерде» тақырыбында баяндама жасады.

27.08.15. Институтта Конституция күніне арналған «Қазақстан Республикасының Ата заңы – тұтастық пен теңдіктің кепілі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтіп, оған институт қызметкерлері, PhD-докторанттар мен магистранттар қатысты.

27.08.15. Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. Г.Н. Ксенжик Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде (Орал қ.) өткен Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан Республикасы 20-жылдығына арналған «Қазақстан тарихының өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстелге қатысты.

29.08.15. «Алматы ақшамы» газетінің №105(5139) санына Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің ғылыми қызметкері А.А. Оралованың ҚР Ата Заңының 20-жылдығына орай «Негізгі тұтқа» тақырыбында мақаласы жарық көрді.

22-29.08.15. ҚХР Жинан қаласында өткен 22-ші тарих ғылымдарының Халықаралық Конгресіне институт директоры Х.М. Әбжанов қатысып, Азия тарихы бойынша маңызды сөз сөйледі.