Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Дөңгелек үстел


Институтта «Қазақстан мемлекеттілігінің эволюциясы және «Мәңгілік Ел идеясы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына институттың жас ғылыми қызметкерлері мен магистранттар мен докторанттар қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысы институт директорының орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлованың кіріспе сөзімен ашылды. С.О. Смағұлова биылғы магистратура және докторантура оқу бөлімдеріне түскен жаңа буын студенттерді институт құрылымы, тарихы және қызметркерлерімен таныстырды. Институттың PhD докторанты А. Жүнісбаев модератор міндетін атқарды.

Этнология және антропология бөлімінің ғылыми қызметкері Д.Ж. Жайлыбаев қазақ этномәдениетінің келешегі мәселесіне баяндамасын арнады. Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің кіші ғылыми қызметкері А. Конкабаева «Мәңгілік Ел» идеясының тарихи маңызына тоқтала келе, жас тарихшы ғалымдардың ғылымдағы рөлін сөз етті.

Дөңгелек үстел пікір алмасумен аяқталып, оған институттың ғылыми қызметкерлері Б. Әшімов, Қ. Мырзақожаев, А. Жүнісбаев, А. Оралова, сондай-ақ магистранттар Ш. Тайлақов, С. Нұғманов, Е. Калемшаривтер белсенді түрде қатысты.