Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 01-13.09.15.


01.09.15. Астана қаласы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы, «CDMA Standart» ЖШС, РМҚ «ҚР Ұлттық музейі» ұйымдастыруымен өткен «Мәңгілік Ел» – ұлы даланың асыл мұраты» атты ғылыми-практикалық конференцияда институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов «Қазақ хандығы және тарих кеңістігі» тақырыбында баяндама оқыды. 

04.09.15. «Қала мен дала» газетінің №34(38) санында Ежелгі және ортағасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің БҒҚ, т.ғ.д. З. Қинаятұлының «Батысты жаулаған Баты хан» тақырыбында мақаласы жарық көрді.

04.09.15. «Алматы ақшамы» газетінің №107 санында Этнология және антропология бөлімінің ғылыми қызметкері Д.Ж. Жайлыбаевтың «Мәңгілік ел» – нағыз қазақстандық патриотизмнің өзі» атты мақаласы жарияланды.

07.09.15. Этнология және антропология бөлімінің БҒҚ, т.ғ.д. А.У. Тоқтабай «Total.kz» сайтына «Қазақтың Жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрі» жөнінде сұхбат берді.

08.09.15. «Ғылым ордасы» Концерт залында ҚР БҒМ ҒК ғылыми-зерттеу институттары мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірлесе даярлайтын магистратура және PhD докторантура бағдарламалары бойынша 2015-2016 жж. оқу жылының басталуына арналған дәстүрлі жиыны өтті. Бұл жиында Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ҒҚ, 2 курс PhD докторанты А.Ә. Жүнісбаев құттықтау сөз сөйледі. Айтулы шараға ҚР ҰҒА президенті мен академиктер, ҚР БҒМ ҒК ҒЗИ директорлары, ҚазҰУ ректорат және факультет басшылығы, ҒЗИ-ның жетекші ғалымдары, сонымен қатар магистранттар мен докторанттар қатысты.   

08.09.15. Институтта «Қазақстан мемлекеттілігінің эволюциясы және «Мәңгілік Ел идеясы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына институттың жас ғылыми қызметкерлері, магистранттар мен докторанттар қатысты.