Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 14-20.09.15.


15.09.15. Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ҒҚ Р.Е. Оразов «Жетісу» телеарнасына Қазақ хандығының 550-жылдығына орай сұхбат берді.

15.09.15. Жамбыл ауданы әкімінің аудандық кітапханасында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Тарих – өткен өмір айнасы» атты ғылыми конференция өтті. Бұл конференцияға Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ҒҚ, т.ғ.к. Д.А. Рахымқұлов («Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек сұлдандар»), Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ҒҚ Р.Е. Оразов («Хан Кене және азаттық қозғалыс»), Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ҒҚ Н.Ы. Жетпісбай («ХVIII ғасырдағы Қазақ хандығының қоғамдық-саяси жағдайы») қатысып, баяндама жасады.

16-17.09.15. Алматы облысында І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «Мәңгілік елдің жұздызы» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға институт директорының орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлова, институт ғалым хатшысы А.П. Ермұхамедова, Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ЖҒК, т.ғ.к. Г.Ж. Өскембаева, Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ҒҚ Р.Е. Оразов қатысты.

16.09.15. Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ҒҚ Р.Е. Оразов «Жетісу» телеарнасына тікелей эфирде Ш.Ш. Уәлихановтың 180 жылдығына қатысты сұхбат берді.

17.09.15. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің ЖҒҚ, т.ғ.к. Ә. Дәулетхан «Егемен Қазақстан» газетінде «Сығанақ сыры тереңде» атты мақаласы жарияланды.

http://egemen.kz/2015/09/17/76318

18.09.15. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өткен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Қазақ хандығы: тарихи және әдеби деректер мұрасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, «Қазақ хандығының салтанаты және ыдырауы» тақырыбында баяндама жасады.

18.09.15. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «Цивилизационно-культурные аспекты взаимоотношений России и народов Центральной Азии в начале 20 столетия (к 100-летию восстания 1916 г.)» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл конференцияға Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің АҒК, т.ғ.к. С.Ә. Асанова «Эволюция бытового сознания тыловых рабочих» тақырыбында ғылыми баяндамасын конференция қатысушылары назарына ұсынды.