Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 28.09-04.10.15.


01-03.10.15. Ақтөбе қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандығының дамуы: дәуір, оқиғалар және тұлғалар» атты Халықаралық ғылыми конференция өтті. Бұл конференцияға Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов «Қазақ хандығының зерттелу мәселесі» тақырыбында, Этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д., профессор С.Е. Әжіғали «Долгий путь к истине» тақырыбында, Институт директорының орынбасары, т.ғ.к. Н.Ә. Атығаев «Казахское ханство в системе международных отношений Евразии» тақырыбында және Этнология және антропология бөлімінің АҒҚ, т.ғ.к. Г.У. Орынбаева «Осуществление новой культурной политики в казахском селе» тақырыбында сөз сөйледі.

01-05.10.15. Самара қаласында Ресей қазақтарының Кіші Құрылтайы аясында Жалпыресейлік «Ресей қазақтарының Федералды ұлттық-мәдени автономиясы» қоғамдық ұйымы мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауына арналған дөңгелек үстелге Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. А.И. Құдайбергенова модератор болып, баяндама жасады.

02.10.15. Астана қаласында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінде «Конституциялық құрылыс мәселелері және Елбасының рөлі» атты Қазақстан тарихшыларының ІІІ конгресі өтті. Бұл конгресске Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор Х.М.Әбжанов «План нации и историческая наука Казахстана» тақырыбында, Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. Г.Н. Ксенжик «Картографические источники по истории Казахстана нового времени» тақырыбында және Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ҒҚ, 2 курс PhD докторанты А.Ә. Жүнісбаев «Жизнь во имя науки (С. Асфандиаров и современность)» тақырыбында ғылыми баяндамаларын конгресс қатысушылары назарына ұсынды.

02.10.15. Этнология және антропология бөлімінің ғылыми қызметкері Д.Ж. Жайлыбаев Қазақстан тарихшыларының ұлттық конгрессі ұйымдастырған «Отан тарихының өзекті мәселелері» атты жас ғалымдар арасында ең үздік ғылыми мақала байқауында 3-ші жүлделі орын алды.