Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 05-25.10.15.


05.10.15. Этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д., профессор С.Е. Әжіғали «Қазақстан» телеарнасына Әбілқайыр хан мемориалды кешенінің ашылуына байланысты сұхбатберді.

13.10.15. Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы Еуразиялық ғылыми-зерттеу институты, Халықаралық түрік академиясы мен ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты өткізген «Орталық Азиядағы тарихнама мен деректер: өткені, бүгіні және болашағы туралы жаңа зерттеулер» атты Халықаралық семинар-практикум Орталық Азиядағы тарихнама мен деректердің өткені мен қазіргі көрінісінашу мен талдау мәселелеріне арналды.

15.10.15. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің  БҒҚ, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов, осы бөлімінің АҒҚ, т.ғ.к. С.Ә. Асанова, Этнология және антропология бөлімінің АҒҚ, т.ғ.к. Г.Ө. Орынбаева, Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ҒҚ Р.Е. Оразов, Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің КҒҚ А.Н. Қоңқабаева Алматы қаласы тарихының мұражайында Ш.Ш. Уәлихановтың туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырған дөңгелек үстелге қатысып, баяндамалар жасады.

16.10.15. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және Абылай  хан  атындағы Қазақ  халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті «Қазақстан: тарих, қоғам, мәдениет» Қазақ хандығының 550 жылдығына  арналған Халықаралық ғылыми-практикалық  конференция өткізді.

22.10.15. Институт директорының орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлова ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен «Философиялық конгресс» қоғамдық ұйымы бірлесіп өткізген «Қазақстанның рухани өмірі: тарих және қазіргі заман» Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда «ХХ ғ. Басындағы Қазақстандағы медреселер: оқыту жүйесі мен діни оқулықтар» тақырыбында баяндама жасады.