Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 22-27.09.15


22.09.15. Институтта Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде қарастырылған негізгі мәселелер: 1) Дайындалған томдарға шетелдік ғылыми-тарихи орталықтарды тарта отырып, сыртқы сараптама ұйымдастыру; 2) Редакциялық алқа мүшелерінің қатысуымен томдар бойынша жұмыс барысының қорытындыларын талқылау; 3) «Отан тарихы» редакциясының полиграфиялық қызметі мен жұмысын талдау; 4) Жас ғалымдар кеңесінің жұмыстары жөнінде; 5) Әртүрлі мәселелер.

23.09.15. «Ғылым ордасы» РМК кинозалында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры У. Қалижановтың «Жас ғалымдар» клубы аясында институттың жас ғалымдарымен кездесуі өтті.

25.09.15. Дүниежүзілік Шыңғыс хан академиясының ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған құрылтай-конференция өтті. Конференцияға Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкерлері Р.Е. Оразов (баяндама тақырыбы: «Қазақ хандығы тарихындағы Абылай ханның рөлі») пен Н.Ы. Жетпісбай (баяндама тақырыбы: «Әбілқайыр хан: Қазақ хандығы тарихындағы қайраткерлігі мен қасіреті») қатысып, баяндама жасады.

26.09.15. Этнология және антропология бөлімінің БҒҚ, т.ғ.д., доценті А.У. Тоқтабай «Қазақстан» телеарнасына «Қаратай батырдың тарихтағы рөлі» атты тақырыпта сұхбат берді.

26.09.15. Этнология және антропология бөлімінің БҒҚ, т.ғ.д., доценті А.У. Тоқтабай ШҚО облыстық телеарнасында «Алаш», «Қазақ» атаулары туралы сұхбат берді.

26.09.15. Этнология және антропология бөлімінің БҒҚ, т.ғ.д., доценті А.У. Тоқтабай Шығыс Қазақстан облысы, Катон-Қарағай ауданындағы Қаратай батырдың ескерткішінің ашылуына байланысты ұйымдастырылған конференцияда «Қазақ хандығының құрылуы, нығаюы, тарихи аренаға шығуы» атты тақырыпта баяндама жасады.

27.09.15. Этнология және антропология бөлімінің БҒҚ, т.ғ.д., доценті А.У. Тоқтабай ШҚО облыстық телеарнасында «Байтайлақ батырдың туған жері туралы» сұхбат берді.

27.09.15. Этнология және антропология бөлімінің БҒҚ, т.ғ.д., доценті А.У. Тоқтабай Жарма ауданы, Ортабұлақ ауылында жоңғар шапқыншыларынан қазақ жерін азат ету соғысының қолбасшысы Байтайлақ батырдың (1703–1784) кесенесінің ашылуына байланысты баяндама жасады.