Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АҚПАРАТ ХАТ


ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2015 ж.  9-желтоқсанда III-нші Нүсіпбеков оқулары аясында «Академик А. Нүсіпбеков және Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты тарихы» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

 

Конференция жұмысында келесі мәселелер қарастырылады:

1-секция. А.Н. Нүсіпбеков: азамат, ғалым, басшы.

2-секция. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және ұлттық тарихнама.

Конференция жұмысы қазақ, орыс тілдерінде жүргізіледі.

Мақалаларды тапсыру мерзімі: 2015 жылдың 30 қарашасына дейін мына мекен-жайға:

050100 Алматы қ.,  Шевченко к., 28

ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Ұйымдастыру комитеті.

Байланыс телефондары және факс:

Байланыс телефондары: 8 (727) 261 16  35

Факс: 8(727) 261-67-19

Өтініш пен мақалалардың электрондық нұсқасын ұйымдастыру комитетіне келесі электонды адреске жіберуіңізге болады:

 E-mail: kazhistory@bk.ru  g_uskembaeva@mail.ru 

 

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Көлемдері 10 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.

Мәтін шрифті «Times New Roman»  14,  немесе «KZ Times New Roman» 12.

Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 3, оң жағы – 1 см. Аралық интервал – бір.

Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, және ұйымның аты, жақша ішінде – қала, мемлекет. Мақалада сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы, [1, 17-б.]). Қолданылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Сөйлем соңында нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады.

Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

 

  

 

МАҚАЛАНЫ БЕЗЕНДІРУ ҮЛГІСІ

 

Академик А. Нүсіпбеков және Ш. Уәлиханов атындағы

Тарих және этнология институты тарихы

Өскембаева Г.Ж.

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты

(Алматы, Қазақстан)

            Мәтін, мәтін, мәтін [1, 17-б.].

Әдебиеттер:

­­­­­­­­­­­­­­­­

­­­­­­­­­­________________

 

1 Нұрымбетова К.Қ. Тәуелсіз Қазақстандағы репатриация мәселелері: тарихи талдау (1991-2008 жж.).  – Алматы: Нұрай Принт Сервис, 2011. – 128б.
2 Концепция экологической безопасности Республики Казахстан на 2004-2015 годы // Казахстанская правда. – 2003. – 10 декабря.
3 Адам құқығы жөніндегі комиссия жұмысы (электрондық ресурс) // http://www.inform.kz/kaz/article/2323629 сайты (сайтқа алған күні: 18.03.2013.)

 

«Академик А. Нүсіпбеков және Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты тарихы» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға

 ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ

 

Аты-жөні (толық) ______________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): _______________________________________________

Лауазымы: ___________________________________________________________________

Ұйымның толық атауы: _________________________________________________________

Байланыс телефоны: ___________________________________________________________

Автордың адресі:______________________________________________________________

Факс, E-mail __________________________________________________________________

Мақалаға қысқаша аннотация, тақырыбы:__________________________________________

Қонақ үй қажеттілігі:___________________________________________________________

 

Ұйымдастыру комитеті