Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 26.10-01.11.2015.


28.10.15. ҚР Ұлттық кітапханасында Этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. С.Е. Әжіғалидың «Маңқыстау мен Үстірт ескерткіштері» кітап-албомының (Алматы: Өнер, 2014. – 504 б.; Ескерткіштердің картасы мен көрсеткіші бар қосымшасымен. – 3 тілде) тұсаукесері өтті.

27.10-12.11.15. Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. Г.Н. Ксенжик «Шетелден Қазақстанға қатысты жаңа тарихи материалдарды іздестіру» жобасын жүзеге асыру аясында Мәскеу қаласына ғылыми іс-сапарда болды.

29.10.15. Институтта ұлт зиялысы Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қоғамдық қызметіне арналған «М. Шоқай – тұлға және саясаткер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

29.10.15. Институтта Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер: 1) Д.Н. Назарбаеваның төрайымдылығымен өткен кеңес туралы есеп; 2) Институттың сыртқы қаржыландыру көзі туралы; 3) Халықаралық іс-шараларды өткізу туралы есеп; 4) Қазақ хандығының 550-жылдығына орай қазақ ескерткіштеріне арналған ІІІ Халықаралық симпозиум туралы есеп. (Ақтөбе қ.) 5) 2015-2017 жж. гранттық қаржыландыру жобаларының жылдық есебін өткізу туралы; 6) Түрлі мәселелер.

30.10.15. Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к. З.М. Төленова Алматы облысы Талғар аудандық Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Бесағаш ауылындағы №45 мектеп-гимназиясында өткен «Қазақ хандығының 550 жылдығы – тарихы мен теориясы» тақырыбындағы конференцияға қатысып, баяндама жасады.