Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 02-08.11.15.


02.11.15. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де (Астана қ.) «Конституциялық құрылыс мәселелері және Елбасының рөлі» атты Қазақстан тарихшыларының ІІІ конгресі өтті. Конгресске институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корр. мүшесі Х.М. Әбжанов (баяндама тақырыбы – «План нации и историческая наука Казахстана»), Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. Г.Н. Ксенжик (баяндама тақырыбы – «Картографические источники по истории Казахстана нового времени») институт докторанты А. Жүнісбаев (баяндама тақырыбы – «Жизнь во имя науки (С. Асфандиаров и современность») қатысты.

04-12.11.15. Этнология және антропология бөлімінің АҒК, т.ғ.к. Г.Ү. Орынбаева Мәскеу қ. «Кеңестік кезеңге дейінгі деректердегі қазақ халқының этнографиясы: библиографиялық аннотациялық көрсеткішті дайындау» гранттық жоба аясында ғылыми іс-сапарда болды.      

06-12.11.15. «Қазақ әдебиеті» газетінің №43(3468) санына Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к. З.М. Төленова, Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкерлері Р.Е. Оразов пен Н.Ы. Жетпісбайдың ұлы ғалым Ш. Уәлихановтың өмірі мен ғылыми мұрасы туралы сұхбаттары жарық көрді.