Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 09-15.11.2015.


09.11.15. Институтта «Ұлттық және ортақ түркі тарихын зерттеу методологиясы» тақырыбында кезекті методологиялық семинар өтті. Негізгі баяндамашы – институт директоры, ҚР ҰҒА-ның корр.-мүшесі, т.ғ.д., профессор, Х.М. Әбжанов. Методологиялық семинарға институт қызметкерлері, докторанттар мен магистранттар қатысты.

10.11.2015. «Қазақстанның әйгілі ғалымдары: тағдырлары мен ғылыми мұралары» тақырыбы бойынша 2012-2014 жж. аралығында орындалған және институттың 70 жылдығына орайластырып көрнекті тарихшы-ғалым, академик М. Қозыбаев еңбектерінің екі томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Құрастырған – Институттың жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к. З.М. Төленова.

Козыбаев М.К. Избранные труды. В двух томах. І т. Казахстан арсенал фронта. – Алматы: Изд-во «Елтаным», 2015. – 456 с.

Козыбаев М.К. Избранные труды. В двух томах. 2 т. История и современность. – Алматы: Изд-во «Елтаным», 2015. – 456 с.

13.11.15. Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒҚ, т.ғ.к., доцент Қ.С. Алдажұманов М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті өткізген дәстүрлі «Қозыбаев оқуларына» қатысып, «Академик «М.Қ. Козыбаев және оның ғылыми мұрасы» тақырыбында баяндама жасады. 

13.11.15. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Баймұрат батыр және оның тарихи дәуірі» атты Баймұрат батыр Байбөріұлының туғанына 320 жыл толуына орай Республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті.

Конференция жұмысында институт директорының орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлова «Баймұрат батыр: ерлігі мен елдігі», Халықтану және тарихи тұлғатану бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. А.И. Құдайбергенова «Мыңбай батыр тұлғасының халық жадында сақталуы», Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері Р.Е. Оразов «ХVІІІ ғасырдағы Баймұрат батырдың тұлғалық келбеті», Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері Н.Ы. Жетпісбай «Тарихи кезең айырығындағы қаһарман тұлғалар» атты баяндамалар жасады.