Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 16-22.11.2015.


16.11.15. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Ақ жол» демократиялық партиясының ұйымдастырумен «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» ғылыми-танымдық байқауы өтті. Байқауға институттың жас ғалымдары докторант А.Ә. Жүнісбаев, Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің ғылыми қызметкері А.А. Оралова, Деректану, тарихнама және заманауи методология бөлімінің кіші ғылыми қызметкері А. Қонқабаева, магистрант Н. Айсаева қатысып, ғылыми баяндама жасады.

17.11.15. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы, «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының ұйымдастыруымен жазушы, ғалым Б.О. Қойшыбаевтың 70 жылдығына арналған «Зиялылық – заман сұранысы» атты ғылыми-теориялық конференция өтті.

19.11.15. Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкерлері т.ғ.к. С.К. Рүстемов, т.ғ.к. Р.Д.А. Рахымқұлов Алматы қ. ОКЖ-нің №4 кітапханасы қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлихановтың туғанына 180 жыл толуына орай «Шоқан Уәлиханов – Шығыстың жарық жұлдызы» атты конференцияға қатысып, баяндама жасады.

19.11.15. Институтта институттың жас ғалымдарының белсенді қатысуымен «Коррупциямен күрестегі жастардың рөлі» атты дөңгелек үстел өткізілді.

20.11.15. Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкерлері – т.ғ.к. Г.Ж. Өскембаева (баяндама тақырыбы – «Мәлік Ғабдуллиннің тұлғалық келбеті») мен т.ғ.к. Қ. Қожаханова ОКЖ-нің №4 кітапханасында педагог, жазушы, қоғам қайраткері, академик М. Ғабдуллиннің 100-жылдығына орай «Батырлардың тұйғыны, ғылымдардың жүйрігі» атты мәдени іс-шараға қатысып, баяндама жасады.  

«Парасат» журналының №11 (690) санында Деректану, тарихнама және заманауи методология бөлімінің ғылыми қызметкері З.Б. Байжұманованың «Киелі, қасиетті «Найзатапқан» тақырыбында мақаласы жарық көрді.