Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 23-30.11.2015.


26.11.15. «Егемен Қазақстан» газетінің №227 (28705) санынаинститут директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі Х.М. Әбжановтың «Тарихи сананы сомдаған» тақырыбындағы мақаласы жарық көрді.

26.11.15. Кезекті методологиялық семинар өтті. Семинар жұмысын модератор, Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. Г.С. Жүгенбаева кіріспе сөзімен ашты. Методологиялық семинар 10 томдық 20 кітаптан «Отан тарихы» атты ұжымдық еңбектің 5 және 7 кітаптардың орындалу барысына арналды. Ежелгі және ортағасырдағы Қазақстан тарихы бөлімінің ЖҒК, т.ғ.к. Қ.З. Өскенбай (баяндама тақырыбы – «Жошы ұлысы мен Ұлы дала. XIII-XV ғғ. Қазақстан мен іргелес елдердің аумағындағы түркі-моңғол ұлысы мен мемлекеті. Этноәлеуметтік зерттеулер» көптомдықтың 5 томын талқылау») және Институт директорының орынбасары, т.ғ.к. Н.Ә. Атығаев «», Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к. З.М. Төленова (баяндама тақырыбы – «Көптомдықты жазуда ақпараттық деректерді пайдаланудың жолдары») тақырыбындағы баяндамалары тыңдалды.

26.11.15. Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к. З.М. Төленова «Мәдениет және білім» телеарнасына «Қайырлы таң» бағдарламасында ҚР-ның тұңғыш Президент күніне орай сұхбат берді.

30.11.15. Институт  ғылыми  қызметкері Жайлыбаев Дәулет 30 қараша мен 5 желтоқсан аралығында Мәскеу қаласында Ресей ғылым академиясы жалпы тарих институты және Россотрудничество ұйымдастырған ТМД, Балтия және Грузия елдерінің жас тарихшы-ғалымдарының «XX век глазами историков стран СНГ, Балтии и Грузии: История и историческая память» атты Халықаралық мектебіне қатысты. Бұл мектептің аясында бірнеше дөңгелек үстелдер өткізіліп, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Мектеп жұмысында Д. Жайлыбаев Қазақстан делегациясы атынан қазіргі кездегі тарих ғылымының методологиялық мәселелеріне байланысты сөз сөйледі.

30.11.15. «Ғылым Ордасы» Кіші мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай «Тәуелсіздік ұрпағы: табысқа жетудің жаңа мақсаты мен жолдары» атты жылсайынғы Жас ғалымдар форумы өтті. Институт PhD-докторанты А.Ә. Жүнісбаев «Жизнь во имя науки: Санжар Асфендиаров как образец для подражания молодому поколению» тақырыбында баяндама жасады.