Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 01-11.12.15


03.12.15. Бөлім меңгерушісі, т.ғ.к., доцент З.М. Төленова халықаралық Springer ұйымы ұйымдастырған «Шетелдік рейтингті журналдар тізбесіне енгізу үшін қазақстандық журналдардың сапасын көтеру» тақырыбында өткен ғылыми журналдардың редакторларына арналған тәжірибелік семинар жұмысына қатысты.

04.12.15. Бөлім қызметкерлері,тарих ғылымдарының кандидаттарыК.К. Нұрымбетова мен Ж.Ж. Несипбаева халықаралық Springer ұйымы ұйымдастырған «Шетелдік рейтингті журналдарда жариялау үшін қазақстандық ғылыми мақалалалар сапасын көтеру»тақырыбында ғылыми журналдардың редакторларына арналған тәжірибелік семинар жұмысына қатысты.

09.12.15 Институттың құрылғанына 70 жыл толуына орай Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты менҚазақстан Республикасы Президенті мұрағаты бірлескен «Академик А. Нүсіпбеков және Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференция жұмысында модераторлық жасағандар Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Х.М. Әбжанов пен ҚР Президентінің мұрағатының директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Б.Ә. Жапаровтар Институт өткен жол мен оның негізін салушы Ақай Нүсіпбековтің ғылыми және ғылыми-ұйымдастырушылық қызметіне кеңінен тоқталды.

Институтты 70 жылдық мерейтойымен Алматы қаласы әкімдігі, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Ә. Дербісәлі, Философия, саясаттану және дінтану институты атынан академик Ә. Нысанбаев, Экономика институтының директоры Ә. Сатыбалды, А. БайтұрсыноватындағыТілбілімі институты, Қыздар мемлекеттік педагогикалық университетінің бір топ ғалымдары мен оқытушылары, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің проректоры Ғ.Қ. Кенжебаев, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Тарих факультетінің деканы, т.ғ.к. А.Қ. Жұмаділ, Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Ж.Ү. Қыдыралина, «Ақ жол» демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалы, «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы атынан Б. Қойшыбай және Институт ардагерлері Н.Е. Едігенов, Б.Н. Әбішева, А. Нүсіпбековтың қызы Д.А. Нүсіпбекова, академик М.Қ. Қозыбаевтың жары С.П. Молдабаева және докторанттар мен магистранттар құттықтап, жылы лебіздері мен алғыстарын білдірді.

10.12.15. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында атақты ғалым, саяхатшы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 180 жыл толуына орай «Шоқан Уәлиханов – ғалым, саяхатшы және этнограф» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.
Конференцияда Институт директорының орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлова, Абай ат. ҚазҰПУ оқытушысы т.ғ.д., доцент С.С.Сайфулмаликова, институт қызметкерлері БҒҚ, т.ғ.д. А.У. Тоқтабай, т.ғ.д. Г.Н. Ксенжик, АҒҚ, т.ғ.к. С.А. Асанова, АҒҚ, т.ғ.к. Г.Ө. Орынбаева, ҒҚ Р.Е. Оразов және М.Р. Сатеновалар баяндама жасады.

11.12.15. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты ІІІ Нүсіпбеков оқулары аясында «Е. Бекмаханов және ұлттық тарихты дәуірлеу» атты бірлескен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.Конференция жұмысы мынандай мәселелерді шешу мен жүзеге асыруға бағытталды:1. Ғалымның тұлғасын күнделікті тарих арқылы тану (хаттар, замандастарының, отбасының естеліктері); 2. Е. Бекмахановтың ғылыми мұрасын жаңа тарихи білімді қалыптастыру тұрғысында талдау; 3. Е. Бекмахановтың ғылыми мұрасында зерттелмеген мәселелер; 4. Е. Бекмахановтың қазіргі ұлттық тарихтағы орны мен рөлі.