Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 14-20.12.15.


14.12.15. Институт бөлім меңгерушісі, т.ғ.д., профессорС.Е. Әжіғали24 қарашадан 14 желтоқсан аралығындаАқтау және Санкт-Пертербург қалаларында жоспарлы тақырып бойынша ғылыми іс-сапарда болып, ғылыми-библиографиялық ізденістер жүргізді.

15.12.15. Еуразия ғылыми-зерттеу институты мен Алматы қаласындағы Түрік Республикасының Бас Елшілігі ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – басты құндылық» тақырыбында бірлесіп өткізген ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына Алматы қаласындағы Түрік Республикасының Бас Елшісі Рыза Каган Йылмаз, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, э.ғ.д., доцент Невзат Шимшек, сондай-ақ Институт қызметкерлері А.И. Құдайбергенова, Г.С. Жүгенбаева, А. Конкабаева, Д. Жайлыбаев, Б. Бурханов, З. Байжұманова, К.А. Саркеновалар қатысты. Басты баяндамашы ҚР ҰҒА академигі, Философия, саясаттану және дінтану институты директорының кеңесшісіӘ.Н. Нысанбаев болды.

15.12.15. Институт директорының орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлова, БҒҚ, т.ғ.д. А. Тоқтабай және жетекші ғылыми қызметкер, т.ғ.к. Д. Әлімғазы «Қазақстан тарихшылары қауымдастығының» «Ақ Жол» демократиялық партиясының қолдауымен Қазақ хандығының 550 жылдығы құрметіне естелік медалімен марапатталды.

15.12.15.ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауына орай «Қазақстан жаңа жаһандық нақтыахуалда:өсім, реформалар, даму» тақырыбында «Ғылым Ордасы» ұйымдастырған дөңгелек үстелде Институттың АҒҚ, т.ғ.к. А.С. Уалтаева «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идея: қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың жаңа үлгісі» атты баяндама жасады.