Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институттың жас ғалымдар Дөңгелек үстелі


2016 жылдың 21 қаңтарында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Жас ғалымдар Кеңесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа жаһандық шынайылықтағы Қазақстан: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауын талқыға салу мақсатында «Нұрлы жолға қарышты қадам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Институт директорының орынбасары, т.ғ.д., доцент С.О. Смағұлованың төрағалығымен өткен дөңгелек үстелдің жұмысына Институт жас ғалымдары, докторанттар мен магистранттарқатысты. Дөңгелек үстелде Этнология және антропология бөлімінің ғылыми қызметкері Б.Әшімовтың «Мемлекет басшысының «Ұлт жоспарын» жүзеге асыруда 86 және 87-қадамының маңыздылығы мен қажеттілігі», Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 2-курс магистранты Ф. Әшімбаеваның «Бәсекеге қабілетті маман даярлауда Елбасы Жолдауының маңызы», 1-курс магистранты Н. Айсаеваның «План нации. Сто конкретных шагов по реализации пяти институциональных реформ», 1-курс докторанты Мырзаходжаев Қ.М. «Алдымен экономика, сосын саясат формуласы» атты баяндамаларытыңдалды.

Дөңгелек үстел қорытындысында пікір алмасу орын алып, Д. Жайлыбаев, А. Жүнісбаев, Т. Әпендиев, Ш. Тайлақов, Ө. Дүйсен баяндама бойынша өз пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, дөңгелек үстелге «Ақ жол» партиясы төрағасының кеңесшісі, саясаткер М. Жақауов қатынасып, Институт жастарын биыл Ә. Бөкейхановтың 150-жылдығына орайластырылып өтетін «ХХ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» атты жалпыұлттық  байқаудың  шарттарымен  таныстырды.

IMG_7371