Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Айлық шолу: 01-31.01.16.


01.01.16.  «Егемен Қазақстан» газетінде Институт директоры міндетін атқарушы, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА мүше корреспонденті Х.М. Әбжановтың «Ұлы сілкініс» тақырыбындағы мақаласы жарияланды.

15.01.16. Институттың БҒҚ, т.ғ.д., доцент А.У. Тоқтабай Алтай аймағында (ШҰАР) Қазақ мәдениеті музейінің ашылуына байланысты Үрімші қаласында (ҚХР) өткен конференция жұмысына қатысты. Конференцияда «Ақкүнгей ашық аспан астындағы мұражайдың экспозициясы мен  қойылатын  материалдар  туралы» баяндама жасады.

19.01.16. Институттың Ғылыми кеңесінде ҚР БҒМ Ғылым комитетінің 2015 жылғы 12 қазандағы №50 бұйрығымен бекітілген жыл сайынғы министрлікке қарасты ұйымдар басшыларының есебін тыңдау кестесіне сәйкес Институт директоры міндетін атқарушы, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА мүше корреспонденті Х.М. Әбжанов 5 жылғы қызметі жөнінде есеп берді. Есебінде осы мерзім аралығындағы Институт жетістіктері мен кемшін тұстарына толық тоқталып, болашақ жоспарлармен таныстырды.

19.01.16. Институтта «Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауына қатысты «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің модераторы болған Институт директоры міндетін атқарушы, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА мүше корреспонденті Х.М. Әбжанов кіріспе сөзбен ашты. Шара барысында  БҒҚ А.И. Құдайбергенова («Президент Жолдауындағы басты мақсат – Ел бірлігі») мен Г.Н. Ксенжиктің («Инновация в системе высшего образования») баяндамалары тыңдалып, ЖҒҚ  З.М.  Төленова  мен АҒҚ А.С. Уалтаевалар өз ойларымен бөлісті.

20.01.16. Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің қызметкерлері Г.С. Жүгенбаева, А.Н. Қоңкабаева және Б.Б. Бурханов 2015-2017 жж. гранттық қаржыландырудағы ғылыми-зерттеу жобасы аясында Атырау және Маңғыстау өңірінде 2015 ж. 30 желтоқсан 2016 ж. 20 қаңтар аралығында ғылыми іс-сапарда болды.

21.01.16. Институтта Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен «Нұрлы жолға қарышты қадам» тақырыбында өткен Дөңгелек үстелде Этнология және антропология бөлімінің ғылыми қызметкері Б. Әшімов «Мемлекет басшысының «Ұлт жоспарын» жүзеге асыруда 86 және 87-қадамының маңыздылығы мен қажеттілігі», магистранттар Ф. Әшімбаева «Бәсекеге қабілетті маман даярлауда Елбасы Жолдауының маңызы», Н. Айсаева «План нации. Сто конкретных шагов по реализации пяти институциональных реформ», докторант Қ.М. Мырзаходжаев «Алдымен экономика, сосын саясат формуласы» атты баяндамаларын көпшілік назарына  ұсынды.

27.01.16.  «Ғылым Ордасында» Мәжіліс пен әртүрлі деңгейдегі мәслихаттарға кезектен тыс сайлау өткізуді қолдау жөнінде Алматы қаласы ғалымдарының  Форумы өтті.  ученых г. Алматы в поддержку внеочередного выбора Мажилиса и маслихатов. Институт директоры міндетін атқарушы, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА мүше корреспонденті Х.М. Әбжанов «Сынақпен шыңдалғандар озады» тақырыбында сөйледі. Форумға институт ғылыми қызметкерлері мен магистранттары қатысты.

27.01.16. «Казахстанская правда» газетінде Институт директоры міндетін атқарушы, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА мүше корреспонденті Х.М. Әбжановтың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» аясында Қазақстан тарихын зерттеудің мәселелеріне арналған мақаласы жарияланды.

28.01.16. Институт директоры міндетін атқарушы, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА мүше корреспонденті Х.М. Әбжанов «Алматы» телеарнасының «Кешкі қонақ» бағдарламасында қазіргі Қазақстан тарихы туралы сұхбат берді.