Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АҚПАРАТ ХАТ


ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан және іргелес елдер тарихы бөлімі 2016 жылғы 2 маусымда «Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан тарихындағы саяси билік институты» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асыру барысында «Ежелгі, ортағасыр және жаңа кезеңдегі Қазақстан және іргелес елдер тарихындағы билік институтының эволюциясы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Қазақстан мен Орталық Азия аумағында ежелгі кезеңнен бастап-ақ қалыптасқан ірі саяси бірлестіктер қазіргі әлемдік тарих пен мәдениеттің игілікті де құнды мұрасы болып табылады. Ғылыми қызығушылықты тудыратын басты мәселе – олардағы саяси билік табиғатын баяндаудың әртүрлі мүмкіндіктері. Еуразияның орманды жазықтықтары мен шөлді кеңістігінде өмір сүрген халықтар өзара әрекеттесе отырып, өзара ықпалдастықтың микро- және макро- деңгейлердегі саналуан жүйесін құрды.

Конференцияның басты міндеті ежелгі, ортағасырлар мен жаңа кезеңдегі мемлекеттердің билік құралдарын зерттеудің заманауи теориялық-әдістемелік тұстарын сыни көзқараста қайта ұғыну және олардың қалыптасуын жергілікті және ғаламдық тарих тұрғысынан қарастыру.

Аймақтың саяси тарихын дін, сауда, әскери тұрғыдан, сондай-ақ жаңа дәуір кезеңіне отарлау саясатының ықпалын зерттеуде өте маңызды.

Конференция жұмысында келесі мәселелерді талқылау қарастырылады:

– көшпелі қоғамның (мемлекеттің, империяның) қалыптасуы мен дамуындағы әскери-саяси көшбасшылықтың рөлі;

– Орталық Азиядағы номадтар қоғамындағы саяси билік институтын зерттеудің теориялық тұжырымдамалары мен жаңа қырлары;

– ежелгі және ортағасырлық қоғамдағы саяси биліктің қалыптасуындағы ру-тайпа ақсүйектерінің рөлі;

– Қазақ даласындағы хандық билік пен мемлекеттіліктің нығаюындағы Шыңғыс ұрпақтарының рөлі мен маңызы;

– билік қатынастарының заңдылығын танудағы ру басылары (ақсақалдар) институты мен батырлар (сарбаздар) институтының маңыздылығы;

– Орта-Азиялық қоғамда жоғарғы билікті институционализацияландырудағы дін өкілдерінің орны;

– Қазақ хандығы Еуразияның саяси тарихында;

– қазақ қоғамындағы дәстүрлі билік және билер институты;

– ХІХ ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. басындағы Қазақстанды әкімшілік-аумақтық басқару.

Конференцияға қатысуға ежелгі, ортағасырлардағы, жаңа кезеңдегі Қазақстан, Орталық Азия тарихы және дүниежүзі тарихынан, саяси антропология, археология, дінтану саласында ғылыми мекемелер, университеттерде қызмет атқаратын ғалымдар, мамандар мен қызметкерлер шақырылады. Қазақстан, Орталық Азия елдері, Ресей және алыс шетелдік ғылыми қауымдастық тарапынан қызығушылық танытушылар қатысады деген сенімдеміз.

 

Өтініштер мен мақалалар 2016 ж. 2 мамырына дейін қабылданады.

 

Конференция жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Конференцияға қатысушылардың қаржылық шығындары өз есебінен немесе жіберуші жақтан төленеді.

 

Конференция жұмысына қатынасу үшін өтініш пен мақалалардың электрондық нұсқасын Ұйымдастыру комитетіне келесі электонды адреске жіберуіңізге болады:

1. Өтініш, төмендегідей нұсқада толтырылған (төменде берілген).

2. Мақала мәтіні шығырылған және/немесе электрондық нұсқада.

 

МАҚАЛАЛАРДЫ ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ: 2016 ЖЫЛДЫҢ 2 МАМЫРЫНА ДЕЙІН МЫНА МЕКЕН-ЖАЙҒА:

050100 Алматы қ., Шевченко к., 28

Ұйымдастыру комитеті: ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан және іргелес елдер тарихы бөлімі, 310- бөлме, тел.: 272-44-59.

 

Байланыс телефондары және факс:

Байланыс телефондары: 8 (727) 261-16-35, 272 – 44 – 59, 261-17-58,  272-68-46

Факс: 8(727) 261-67-19

E-mail: torlanbayeva@mail.ru, nuratygaev@mail.ru, kz.77@inbox.rukazhistory@bk.ru

 

МАҚАЛАЛАРДЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

1. Мақалалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде, шығарылған және/немесе электронды нұсқада қабылданады, көлемі А-4 форматының 10 бетінен аспауы шарт.

2. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек (Файлдың аты: алғашқы автордың аты-жөні – мақала).
3. MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасында.
4. Мәтін шрифті «Times New Roman», кегль 14 немесе «KZ Times New Roman», кегль 12, мәтін аралық қашықтық 1,0 пт.
5. Үстіңгі, астыңғы жиектер – 2 см, оң жақ жиек – 1 см, сол жақ жиек – 3 см;
6. Беттің үстіңгі жағында ортасында қалыңдатылған әріппен автордың аты-жөні, оның астында оқу немесе жұмыс орны, дәрежесі, мекеменің орналасқан жері, автордың электрондық мекен-жайы көрсетіледі (жақшада: қала аты, ел). Содан бір аралықтан кейін бас әріптермен баяндаманың атауы, одан бір аралықтан кейін мәтін берілуі керек.
7. Мақалада сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы, [10, 25-б.]).
8. Кестелер MS WORD редакторында берілуі шарт.
9. «Қолданылған деректер мен әдебиеттер тізімі» мақаланың соңында түпнұсқа тілінде төмендегідей беріледі: рет саны, автор, зерттеудің атауы, дерек, баспа, шыққан айы және/немесе жылы, жалпы беті, пайдаланылған беттер. Бір әдебиетке бір-ақ рет сілтеме жасалады.
10. Мақаланың мазмұндық сапасына автор жауап береді. Конференцияны ұйымдастыру және редакция алқасы қолжазбаны жариялау немесе жарияламау құқығына ие, ол туралы авторға хабарланады.
11. Мақала соңында төмендегідей мәліметтер беріледі:

а) ӘОЖ индексі (әмбебап ондық жіктеу)

б) кілт сөздер (5-6),

в) қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде аңдатпа (мақаланың қысқаша мазмұны, 1000-1200 белгі).

 

«Ежелгі, ортағасыр және жаңа кезеңдегі Қазақстан және іргелес елдер тарихындағы билік институтының эволюциясы»

атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына

 ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ

 

Аты-жөні (толық) _____________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): _______________________________________________

Лауазымы: ___________________________________________________________________

Байланыс телефоны: ___________________________________________________________

Автордың мекен-жайы: ________________________________________________________

Факс, E-mail __________________________________________________________________

Баяндама (мақала) тақырыбы: ___________________________________________________

Қысқаша аннотация ___________________________________________________________

Қонақ үй  қажеттілігі:__________________________________________________________

Визалық немесе өзге қолдау қажеттілігі: __________________________________________

Техникалық құралдар қажеттілігі (презентация, аударма және т.б.): ___________________

 

Ұйымдастыру комитеті