Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АҚПАРАТ ХАТ


ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2016 жылдың 10 қарашасында ҚР ҰҒА академигі, КСРО ҒА корреспондент-мүшесі, мемлекет және қоғам қайраткері, т.ғ.д., профессор Бәйдібек Ахметұлы Төлепбаевтың туғанына 95 жылдығына арналған «Академик Б.А. Төлепбаев және ұлттық тарих» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.
Конференцияның жұмысы барысында мынандай өзекті мәселелер талқыланады:
– академик Б.А. Төлепбаев және отандық тарих ғылымы;
– көрнекті ғалымның отандық тарих ғылымын дамытудағы рөлі мен орны;
– Қазақстандағы бүгінгі күнгі тарихи ойдың теориялық және әдістемелік дамуы;
– тарихи ғылымның методологиясы мен теориясын; тарихи зерттеудегі пәнаралық байланысты дамытуға жол салу.

Конференция жұмысына қатысамын деушілер баяндаманы Ұйымдастыру мекен-жайына жіберу керек:
1. Ұсынылған форма бойынша өтініш.
2. Мақала мәтіні 5-7 бетке дейінгі көлемде 1 интервалмен қағаз және электронды түрде. Шетелдік қатысушылар үшін электрондық хат арқылы бекітілген файлмен жіберуге болады (хат тақырыбында көрсету керек: АЛҒАШҚЫ АВТОРДЫҢ АТЫ-ЖӨНІ – мақала).
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.
МАҚАЛАЛАРДЫ ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ – 2016 жылдың 20 қазанына дейін мына мекен-жайға:
050100 Алматы қ., Шевченко көш., 28
ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Ұйымдастыру комитеті.
Байланыс телефоны және факс: 8 (727) 261-16-35, 8 (727) 261-17-58, 8 (727) 272-68-46.
Факс: 8(727) 261-67-19
E-mail: tolenova@mail.ru , 59klara@mail.ru, kla46@mail.ru

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Көлемдері 5-7 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.
Мәтін шрифті «Times New Roman» 14, немесе «KZ Times New Roman» 12.
Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 3, оң жағы – 1 см. Аралық интервал – бір.
Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, және ұйымның аты, жақша ішінде – қала, мемлекет. Мақалада сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы, [1, 17-б.]). Қолданылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Сөйлем соңында нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады.
Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

МАҚАЛЫ БЕЗЕНДІРУ ҮЛГІСІ
М. ҚОЗЫБАЕВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ 1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС МӘСЕЛЕСІ

Төленова З.М.
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты
(Алматы, Қазақстан)

Мәтін, мәтін, мәтін [1, 17-б.]. Мәтін …. мәтін [2, 25-б.].
________________
1 Национально-освободительное восстание казахских трудящихся против царизма в 1916 г. Сб. Воспоминание и материалов / Сост.: С. Шарипов. – Алма-Ата: Каз. Госиздат, 1937. – 316 с.
2 Концепция экологической безопасности Республики Казахстан на 2004-2015 годы // Казахстанская правда. – 2003. – 10 декабря.
3 Ташкент мұсылмандарының демонстрациясы (электрондық ресурс) // http://www.inform.kz/kaz/article/2323629 сайты (сайтқа алған күні: 18.03.2013.)

«Академик Б.А. Төлепбаев және ұлттық тарих» Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға 

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ

Аты-жөні (толық) ______________________________________________________________
Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): _______________________________________________
Лауазымы: ___________________________________________________________________
Ұйымның толық атауы: _________________________________________________________
Байланыс телефоны: ___________________________________________________________
Автордың адресі:______________________________________________________________
Факс, E-mail __________________________________________________________________
Мақалаға қысқаша аннотация, тақырыбы:__________________________________________
Қонақ үй қажеттілігі:___________________________________________________________