Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция


2016 жылы 25 қазанда Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл және Желтоқсан көтерілісіне 30 жыл толуына орай Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Қазақстан тарихшылары қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырған «Қазақстандағы Желтоқсан (1986) көтерілісінің тарихи және халықаралық маңызы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Ғылыми-практикалық конференцияда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі М.Қ.Қойгелдиев пен Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының орынбасары С.Ә.Смағұлова модераторлық жасады.
Аталған конференция жұмысына шетелдік, отандық ғалымдар, Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткерлері, жас зерттеушілер, сонымен қатар Желтоқсан көтерілісіне қатысушылар да қатысты.
Ғылыми-практикалық конференцияға 60-тан астам баяндама түсті. ҚР ҰҒА академигі, профессор Ғ. Есім, профессорлар А. Күзембайұлы, А. Айталы, М. Қойгелді, Т. Омарбеков және басқа да ғалымдар желтоқсан көтерілісінің мәні мен сабақтастығына, оның орны мен рөліне тоқталып, қазіргі қазақ жастарын тәрбиелеудегі маңызын саралап өтті.
Желтоқсан көтерілісіне қатысқан азаматтар да естеліктерімен бөлісті.
Қонференция жұмысының қорытындысында Тәуелсіздікке жол ашудағы Желтоқсан көтерілісі қаһармандарының ерлігін есте сақтай отырып, шараға қатысушылар қарар қабылдады.