Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Mетодологиялық семинар


2016 жылдың 13 қыркүйегінде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында кезекті методологиялық семинар өтті. Семинар жұмысын модератор, Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. Г.С. Жүгенбаева кіріспе сөзімен ашты.
Методологиялық семинар «Көшпенділердің қоғамын зерттеудегі теориялық тәсілдер» деген тақырыпқа және 10 томдық 20 кітаптан тұратын «Отан тарихы» ұжымдық еңбектің 7 кітаптың орындалу барысына арналды. Сөйлегендер: т.ғ.д. К.Ө. Торланбаева, т.ғ.к. Н.Ә. Атығаев.
Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. К.Ө. Торланбаева «Көшпенділердің қоғамын зерттеудегі теориялық тәсілдер» тақырыбындағы баяндамасының негізгі мақсаты көшпелілердің қоғамын, яғни көшпелі мемлекетті зерттеу үшін екі негізгі теориялық тәсілдерін қарастыру болды.
Ғылыми шара барысында келесі теориялар айтылып, талданды:
1. Көпсызықты теориялар;
2. Эволюционизм немесе неэволюционизм мәдени теориясы.
Баяндамашы дүниежүзі тарихындағы көпсызықты теория шеңберінде номадизмнің орны туралы мәселеге тоқталып, көшпелі империяның тарихына арналған көзқарастың бірі циклдық тәсіл жайлы айтты.
Институт директорының орынбасары, т.ғ.к. Н.Ә. Атығаев көптомдықтың 7 кітабы Қазақ хандығы тарихына арналғандығын және онда XV-XVII ғғ. аралығын қамтитын үш ғасырға жуық тарихи кезең қарастырылатындығын, томды дайындау бойынша 12 (Х.М. Әбжанов, Б.Е. Кумеков, М.Қ. Әбусейітова, Т. Бейсенбиев, З. Қинаятұлы, К.А. Пищулина, Н.А. Атығаев, А.И. Исин, Г.С. Жүгенбаева, С. Жолдасбаев, В.З. Галиев, А. Галиев) ғалым жұмыс істейтіндігін, сонымен қатар жұмысты дайындауға шетелден ғалымдар (В.В. Трепавлов, И. Зайцев, Н. Кенжеахмет) тартылғандығын атап өтті.
Бүгінге дейін орындаушылар 35 б.т. жуық авторлық мәтін дайындалғандығы жайлы, дайындалған мәтіндер арнайы сараптамадан өткендігін, сарапшы, т.ғ.к. А.И. Исин тарапынан мәтіндер бойынша құнды ескертпелер мен ұсыныстарын том авторларына жеткізілгені жайлы баяндады. Қазіргі уақытта осы айтылған ескертпелер мен ұсыныстар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығын және де талаптарға сай техникалық безендіру жұмыстары жүзеге асуда екендігін айтты.
Методологиялық семинар соңында семинарға қатысушы т.ғ.к. Ә. Дәулетхан, т.ғ.к. С.А. Асанова, т.ғ.к. Г.У. Орынбаева және т.б. ғалымдар өз ойларын ортаға салып, пікір алмастырды.