Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ақпарат


2017 жылы 27 сәуірде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында кезекті методологиялық семинар өтті. Семинар жұмысын модератор, Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. Г.С. Жүгенбаева кіріспе сөзімен ашты.

Методологиялық семинар «Алашордашылардың Қытайдағы қазақтардың ұлт-азаттық күресіне әсері»және «Түрік қағанаттары мен Түргеш қағанаты тұсындағы мемлекеттік лауазымдары мен әскери шендердің атаулары және этимологиясы хақында (Қытай және Орхон-Енисей тас жазулары мен мәтіндері негізінде)»атты тақырыптарға арналды. Баяндамашы: т.ғ.к. Ә Дәулетхан аталған тақырыптарғабаяндама жасады.

«Алашордашылардың Қытайдағы қазақтардың ұлт-азаттық күресіне әсері» тақырыбына байланысты келесі мәселелерді қарастырды: 1917-1918 жылдарда Қытайға кеткен алашордашылар, олардың Қазақстан аумағындағы қазақтармен байланысы. Қытайда қазақша газет-журалдарының таралуы.

«Түрік қағанаттары мен Түргеш қағанаты тұсындағы мемлекеттік лауазымдары мен әскери шендердің атаулары және этимологиясы хақында (Қытай және Орхон-Енисей тас жазулары мен мәтіндері негізінде)» тақырыбында келесі мәселелерді қарастырды: Исламға дейінгі көне түрік, яғни орхон жазблары мен қытай деректері. Исламнан кейінгі араб-парсы деректері және Шыңғысхан дәуіріндегі қытай жазба деректері.

Қорыта келе, қазақ түрік тарихының исламға дейінгі дәуірін зерттегісі келгендер қалайда қытай-моңғол жазбаларын, ұйғыр мәтіндерін, орхон жазбаларын оқып пайдалана білуі, ал исламнан кейінгі дәуірді зерттегісі келгендердің араб-парсы, моңғол тілдерін оқып пайдалана білуін шар етеді деп сөзін аяқтады.

Семинар соңында институттың ғылыми қызметкерлері сұрақтар қойып, өзара пікір алмастырды.