Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

25.05.2017 ж. Институтта Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»


25.05.2017 ж. Институтта Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай «ХХ ғ. 20 жж. соңында Қазақстанның латын әліпбиіне өтуі: тәжірибесі мен тағылымы» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына Институт қызметкерлері, докторанттар мен магистранттар, жалпы 23 адам, және БАҚ-нан «Егемен Қазақстан» газетінің журналистері қатысты.

Модератор ретінде Институт директорының орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлова кіріспе сөзі сөйледі және «Жаңа әліпбиге бейімделу кезеңдері және ұлттық жаңғыру» тақырыпқа баяндама жасады.

Сонымен қатар,  баяндамаларын Институт қызметкері, т.ғ.д. А.И. Құдайбергенова («Латын әліпбиі және құндылықтарымыз»), Институт директорының орынбасары, т.ғ.к. Н.Ә. Атығаев («Көне руникалық жазу және латын әліпбиі») және Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. Г.С. Жүгенбаева («Латын алфавитіне көшу: тарихи және заманауи аспектілері») ұсынды.

Баяндамалар біткен соң белсенді пікір алмасу өтті. Дөңгелек үстел соңында қатысушылар қарар қабылдады.