Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

16.05.2017 ж. Институттың І – ІІ курс магистранттары және Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті


16.05.2017 ж.

Институттың І – ІІ курс  магистранттары және Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті магистранттарына институт директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі Х. М. Әбжанов «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер: мәні мен келешегі» тақырыбында дәріс (лекция) оқыды. Дәріскер магистарнттарға Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін қабылдаған Конституцияның осы уақытқа дейін қандай өзгеріске ұшырады және Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Консти­туциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасындағы Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобы бүкілхалықтық талқылау барысында айтылған ұсыныстарды талдауды және жинақтап қорытуды, осы ұсыныстарды ескере отырып, Заң жобасын пысықтауды және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізуді қамтамасыз ету жөніндегі өкіміне сәйкес қазіргі таңда осы мәселе төңірінде айтылып жатқан пікірлер барасына тоқталды.

Магистранттардың сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты.