Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«АҚАЙ НҮСІПБЕКОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ»


27.12.2017 ж. Институт V Нүсіпбеков оқулары аясында «Ақай Нүсіпбеков және Қазақстан тарихының теориялық мәселелері» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. Конференция жұмысы барысында көрнекті ғалым, Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ақай Нүсіпбековтың ғылыми мұрасына арналған ғылыми баяндамалар тыңдалып, естеліктер айтылды. Конференцияның ашылуында институт директоры, т.ғ.д., профессор З.Е. Кабылдинов кіріспе сөз сөйлеп, модераторлық жасады. Бас баяндамашы ҰҒА академигі К.М. Байпақов жасап, А. Нүсіпбековтың шәкірті ретінде оның ғылыми мұрасы мен адами қасиеттері туралы тоқталды. Келесі сөз алған ҰҒА академигі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің еуразиялық зерттеулер кафедрасының профессоры Б.Е. Көмеков Ақай Нүсіпбековтың Қазақстандағы тарих ғылымына қосқан үлесінің зор екендігін атай келе, оның салалары болып табылатын археология, этнография және шығыстануға да көңіл бөліп, кадрлар дайындау мен қамтамасыз етілуіне көп қызмет сіңіргенін атап көрсетті. Бұлардан басқа: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры, т.ғ.д. Төлеубаев Т.Ә.; Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының БҒҚ, т.ғ.д. Тоқтабай А.У.; Абай атындағы ҚазҰПУ, аға оқытушысы, т.ғ.к.Тілеубаев Ш.Б.; Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бөлім меңгерушісі, т.ғ.к.Төленова З.М. және тағы басқалар академик-ғалымның ғылыми мұрасы мен қоғамдық қызметі туралы өз ойларын ортаға салды. Туыстары тарапынан да естеліктер айтылды. Соңынан ұсыныстар айтылып, қарар қабылданды.