Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ: ТАРИХИ ТАҢДАУ МЕН МҮМКІНДІКТЕР


ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш.Уәлиханов атындығы Тарих және этнология институтында осы жылдың 11 қаңтарында, ұжым басшылығының ұйымдастыруымен белгілі ғалымдар мен бөлім меңгерушілері және институт доктаранттары мен магистранттардың қатысуымен 2018 жылғы 10 қаңтардағыҚазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылған: «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» бағыттарын талдап, өз ойларын ортаға салды. Әр бағыт бойынша талдау жасалды. Институт директоры, т.ғ.д., профессор З.Е. Қабылдинов Елбасы Жолдауының маңызына тоқтала келе, оны көпшілік қауымға түсіндіру мен насихаттаудың ғалымдар мен зиялы қауым өкілдерінің орны ерекше екендігін атап өтті. Рухани жаңғыруға қатысты тарихи сананы қалыптастырудағы стратегиялық міндеттерді жүзеге асырып жатқан Тарих және этнология институтының ұжымы Елбасы жолдауындағы төртінші жаңғырудың әлемдік өркениеттер мен әлемдік бәсекелестікке қабілетті 30 елдің қатарына қосылудағы атқарылатын міндеттердің айқындалуын жете түсіне отырып, көпшілік қауым арасында оны насихаттауға кірісіп кетті.

Елбасы атап өткендей: «БұлЖолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды». Міне, жолдаудың маңызы да сонда, жаһандану үрдісіне тартылған еліміз алдында шикізаттарды сыртқа шығарудан ендігі жерде жоғары технологияға негізделген өнеркәсіптерді жандандырып, алынатын сапалы, бәсекелестікке төтеп бере алатын өнімдерді өндіруге жол ашатындығы. Сондықтан да, ғылым мен білімнің жетістіктерін меңгерген мамандарға, яғни адам капиталына сұраныс артады.

Н.Ә. Назарбаев: «Көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келеді. Елімізге дамудың жаңа сапасы қажет.Жаһандық трендтер көрсетіп отырғандай, ол, бірінші кезекте, Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін кеңінен енгізуге негізделуі тиіс.Мұның өзіндік сын-қатерлері де, мүмкіндіктері де бар.Жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар екеніне сенімдімін» деп атап көрсеткен болатын.

Әлемде өршіп келе жатқан сын-қатерлер, атап айтқанда демографиялық жарылыс, азық-түлік қорының тапшылығы, экологиялық апаттар мен энергоресурстардың азаюы, діни және этникалық негіздегі шиеленістер мен алпауыт елдер арасындағы экономикалық және саяси қақтығыстар, лаңкестік әрекеттердің қанат жаюы және тағы басқа қауіптер Жолдауда айтылған мәселелердің қаншалықты өзекті екендігін көрсететі.

Жолдаудағы «Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс» делінген бірінші бағытқа байланысты институттық Бас ғылыми қызметкері Қ.С. Алдажұманов өз ойымен бөлісе келе, «Білім беру жүйесін, коммуникация мен стандарттау салаларынжаңа индустрияландыру талаптарына бейімдеу қажет болады» дегенде ғалымдарға қандай міндеттер жүктеліп отырғанына талдау жасады. Сонымен қатар, жолдаудағы басқа да бағыттар бойынша т.ғ.д., З.Т. Садуақасова, т.ғ.к., Ф.М. Шамшиденова, Ә.К. Шашаев және тағы басқалар ойларын ортаға салды. Ғалымдардың жете назар аударып талдауға алғаны Жолдаудағы жетінші бағыт: «Адами капитал – жаңғыру негізі».

Бұл жетінші бағытта Елбасы көбінесе білім саласына тоқтайды. Соның ішінде ЖОО-да педагогика кафдраларының дамуына ерекше назар аударылуы қажеттігі атап көрсетілген. Шының айту керек өңірлерде классикалық университеттер ашылған кезде көп педагогикалық мамандықтар жабылып қалған еді. Ал енді Елбасы елдің болашағын ойлап, осы педагогика факультеттері мен кафдраларын ашу жөнінде міндеттер қойды. Сонымен қатар математика мен жаратылыстану ғылымдарының оқыту сапасына да назар аударып, орындалуға тиісті міндеттер де өте дұрыс айтылған. Одан басқа бізде мектеп қабырғасында оқитын балаларға таң ертеннен кешке дейін сабақта отырады, спортпен айналысуға және басқа да қосымша сабақтарға қатысуға уақыттары жоқ сондықтан, оқушы балаларға оқу жүктемені азайту керек дегенді айтты.

Бізде басқа елдермен салыстырғанда оқу жүктемесі көбірек, соны қысқарту жөнінде мәселе көтерді. Бұдан бөлек, Елбасы нақтылап, шегелеп қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру туралы әңгіме қозғады. Оны да біліп отыруымыз керек. Қазақ тіліне тоқта келе, соңғы уақыттарда 7 мың әлем мойындаған сөздерді біз жаңа балама қазақша терминдік аудармасын тауып шығарыппыз ол бізге керек пе, керек емес пе деген мәселесін көтерді, бүкіл әлем мойындаған түбірі бір сөзді бізде сол түбірмен қолданғанымыз дұрыс болар еді деді. Өкінішке орай біз 7 мың сөзді қолдан жасап алыппыз. Сонымен қатар латын әліпбиі туралы да айтылды. Осы мәселеге қатысты 2025 жылға дейін біз латын әліпбиіне көшудің өзінің кестесінің жасау қажеттігі айтылды.

Сонымен Жолдаудың алға қойған мақсаттары Елбасы атап өткендей: «Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек.«Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында.Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген,озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс» деген қағидалар айналасында өрбуі қажет екендігі айқын.

ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы

Тарих және этнология институтының

директоры орынбасары м.а., Ә.К. Шашаев