Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ «ЖЕТІШІ БАҒЫТТЫҢ» ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫ МЕН БІЛІМІ ҮШІН БАСЫМДЫЛЫҚТАРЫ МЕН МАҢЫЗЫ


1997 жылдан бастап елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа ең бірінші жолдау жасаған еді. Содан бері осындай жақсы дәстүр қалыптасты. Әр жылдың басында елбасының жолдауын бүкіл халық болып, қуана күтеміз. Жолдаудың бір жақсы жері, ол біздерге стратегиялық және тактикалық бағыт бағдар береді.

Еліміздің, халықтық әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлары қай бағытта дамуы керек, біздің идеологиямыз бен саясатымыз қалай болуы керек, геосаясатымыз қай бағытқа жүруге тиісті, біз әлемдік өркениеттен қалып қоймауымыз үшін қандай қадамдар жасаумыз керек, рухани жаңғырудың тетіктері неде деген ауқымды мәселелер осы Жолдауда айқын негізделген. Біз тарихымыз бен мәдениетімізді қалай зерделеуіміз керек деген мәселелер де жылда шығып отыратын жолдауда көрсетіліп отырады. Ал, биылғы өнеркәсіптік революцияға байланысты жарияланған Елбасы Жолдауының керемет бір ерекшелігі бар.

Н.Ә. Назарбаев төртінші өнеркәсіп революция туралы айта келе, әлемдегі бәсекелестікке қабілетті 30 мықты дамыған елдер қатарына енудің жолдары мен міндеттерін Қазақстандық модель негізінде көрсетіп, он мақсат қойған. Яғни, Елбасы атап өткендей: «Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды».

Бұл мақсаттардың ішінде ғылыми-зерттеу бағытындағы институтты басқарып отырған соң біз үшін аса өзекті мәселелер жетінші бағытта қарастырылған. Ол жерде адами капитал туралы айтылған. Бұл жетінші бағытта Елбасы көбінесе білім саласына тоқтайды. Соның ішінде ЖОО-да педагогика кафдраларының дамуына ерекше назар аударылуы қажеттігі атап көрсетілген. Шының айту керек өңірлерде классикалық университеттер ашылған кезде көп педагогикалық мамандықтар жабылып қалған еді. Ал енді Елбасы елдің болашағын ойлап, осы педагогика факультеттері мен кафдраларын ашу жөнінде міндеттер қойды. Сонымен қатар математика мен жаратылыстану ғылымдарының оқыту сапасына да назар аударып, орындалуға тиісті міндеттер де өте дұрыс айтылған. Одан басқа бізде мектеп қабырғасында оқитын балаларға таң ертеннен кешке дейін сабақта отырады, спортпен айналысуға және басқа да қосымша сабақтарға қатысуға уақыттары жоқ сондықтан, оқушы балаларға оқу жүктемені азайту керек дегенді айтты.

Бізде басқа елдермен салыстырғанда оқу жүктемесі көбірек, соны қысқарту жөнінде мәселе көтерді. Бұдан бөлек, Елбасы нақтылап, шегелеп қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру туралы әңгіме қозғады. Оны да біліп отыруымыз керек. Қазақ тіліне тоқта келе, соңғы уақыттарда 7 мың әлем мойындаған сөздерді біз жаңа балама қазақша сөзін аудармасын тауып шығарыппыз ол бізге керек пе, керек емес пе деген мәселесін көтерді, міне әлеммен үзенгілес болатын болсақ, бүкіл әлем мойындаған түбірі бір сөзді бізде сол түбірмен қолданғанымыз дұрыс болар еді деді. Өкінішке орай біз 7 мың сөзді қолдан жасап алыппыз. Сонымен қатар латын әліпбиі туралы да айтылды. Осы мәселеге қатысты 2025 жылға дейін біз латын әліпбиіне көшудің өзінің кестесінің жасау қажеттігі айтылды.

Білім беру жүйесіне тоқтала келе, оқу орындарына видеосабақ пен видеодәрістерді орналастыру қажеттілігі көтерілді. Мысалы мектепте, колледжде және ЖОО-да оқып жүрген оқушыларға және студенттерге ең үздік оқытушылардың видеосабақтары мен дәрістерін қою керек дегенді айтты. Ғылыми – зертеу жұмыстарын ағылшын тіліне көшіру керек деген Елбасының өте жақсы ойын біз қолдаймыз. Біздің Институтта қазір Ш. Уәлихановтың таңдаулы еңбектерін Лондонда ағылшын тілінде шығарғымыз келеді. Қазақ атын әлемге танытқан, Ш. Уәлиханов сияқты тұлғаны ұмытпағанымыз жөн, бұл ең алдымен ұрпақтар алдындағы парызымыз. Сондықтан осындай жұмысты біз бастап кеттік. Жолдауда, ЖОО-ы ғылыми жобаларды атқарғанда әлемнің ең үздік ғылыми зерттеу орталықтарымен бірлесіп жұмыс жасау керектігі айтылды. Бізде сол жағынан қимыл жасадық. Негізгі міндет, Елбасы айтқандай: «Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек. «Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында. Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс».

Әлемнің ең үздік ғылыми зерттеу институттарымен өз-ара келісімшарт жасасу міндетін алға қойып жатырмыз. Бүгінгі күнде 12 сондай орталықтармен, ғылыми зерттеу орталықтарымен, институттармен бірлескен келісімшарттарға қол қойыстық. Осы жетінші бағытта, жас ғалымдарға ғылыми гранттарды, квота берудің маңызы туралы Елбасы айтты.

ЖОО-ның академиялық еркіндігі туралы, одан басқа тағыда біздің көңілімізге қонған шетелдік менеджерлерді ЖОО-на тарту және әлемдік мықты университеттердің кампусын Қазақстанда ашу туралы Елбасының айтқан бастамаларын біздің ұжым қолдап отыр.

Біз биыл 33 жоба гранттық байқауға, ал МБҚ (ПЦФ) бойынша 5 жоба бердік, өткен жылдың жарты жылында екі Жобаны жүзеге асыра алдық: «Қазақстанның киелі жерлерінің география» мен «Қазақстан халқы» тарихи-ғылыми интерактивті картасы» деген. Осының барлығы Елбасының, Үкіметтің және Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қолдуының және қаржыландыруының арқасында жүзеге асты. Біздің ұжым Елбасының жолдауында айтқан 10 бағытын орындауға дайын. Ұжым арасында кең түрде талқыланып, оны насихаттау мен жүзеге асырудың күнтізбелік кестесі жасалды.

 

ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы

Тарих және этнология институтының

директоры, т.ғ.д., профессор З.Е. Қабылдинов