Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Қазақстан халқының тарихи жадын тәрбиелеу – ұлттық кодты сақтаудың негізгі бағыты» атты дөңгелек үстел


Абай ат. Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің

Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтымен бірлескен жобасы

 2018 ж. 16 мамырда Абай ат. Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруына арналған «Қазақстан халқының тарихи жадын тәрбиелеу – ұлттық кодты сақтаудың негізгі бағыты» атты дөңгелек үстел өтті. Модератор ретінде саяси ғылымдарының докторы, профессор С.М. Борбасов сөз сөйледі. Баяндама жасағандар: Институт директоры, т.ғ.д., профессор Қабылдинов З.Е. – «Елбасының «Туған жер» бағдарламасын орындаудың тиімді жолдары», Абай ат. ҚазҰПУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Қойгелдиев М.Қ. – «Алаш трагедиясы және ұлттық жадты жаңғырту мәселелері», Абай ат. ҚазҰПУ-нің Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Тулекова М.К. – «Түркі халықтарының рухани құндылықтарын жаңғырту – ұлттық бірегейлікті сақтаудың негізгі бағыты», этнология бөлімінің меңгерушісі, институттың бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессор Әжіғали С.Е., институттың бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессор Тоқтабай А.У. «Жылқы мінезділік – қазақтың ұлттық кодының негізі», институт директорының қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. Шашаев Ә.Қ. – «Тарихи сана – ұлттық кодымызды құраушы ретінде», институттың жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к., доцент Рүстемов С.К. «Қазақстанның тарихи энциклопедиясы: Рухани жаңғырудың тарихи танымы». Дөңгелек үстелдің қатысушылары әр елді мекеннің тарихын жазу, ауызша тарих дереккөздерін тұрақты негізде толтыру, қазақ халқының этникалық және мәдени ерекшеліктері мен дәстүрлерін ескеру, көшпенді өркениеттің символы ретінде қалпына келтіру және жалпы халық арасында ат спортын насихаттау бойынша ауқымды науқан өткізу туралы пікірін білдірді. Сонымен қатар, тарих факультетінің студенттеріне арнайы элективті курстарда ұлттық кодының ерекшеліктерін зерттеуді оқу үрдісіне енгізу қажет. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша оқу және ғылыми-зерттеу үдерісіне енгізу үшін әдістемелік ұсынымдар құрылуы жоспарланады.