Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ақпарат


2018 жылдың 15 мамырында сағат 11.00-де «Ғылым Ордасы» ғимаратында 4 академиялық журнал: «ҚР ҰҒА xабаршысы; ҚР ҰҒА xабарлары. Химия және теxнология сериясы; ҚР ҰҒА xабарлары. Физика-математика сериясы; ҚР ҰҒА Хабарлары. Геология және техникалық ғылымдар сериясы» атты 4 академиялық журналды Clarivate Analytics (бұрынғы Thomson Reuters) халықаралық мәліметтер базасында индекстеу бойынша Куәлікті ҚР ҰҒА-на салтанатты тапсыру рәсімі өтті. Салтанатты жиынға АҚШ-тың Филадельфия қаласында орналасқан халықаралық Clarivate Analytics компаниясының ТМД және Ресей бойынша директоры  Уткин Олег Геннадьевич қатысты.

2016 жылдың 26 маусымында «ҚР ҰҒА Хабарлары. Геология және техникалық ғылымдар сериясы» журналы халықаралық Scopus мәліметтер базасына енген. Бұл – беделді халықаралық деректер базасында индекстелген Орталық Азия республикаларының ғылым академиясының академиялық басылымдары арасында алғашқы ғылыми журнал. Биыл ол Clarivate Analytics деректер базасына енді.

1946 жылдан бастап ҚР ҰҒА шығаратын 8 ғылыми журнал (ҚР ҰҒА баяндамалары; ҚР ҰҒА xабаршысы; ҚР ҰҒА xабарлары. Биология және медицина сериясы; ҚР ҰҒА xабарлары. Физика-математика сериясы; ҚР ҰҒА Хабарлары. Геология және техникалық ғылымдар сериясы; ҚР ҰҒА xабарлары. Химия және теxнология сериясы; ҚР ҰҒА xабарлары. Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сериясы; ҚР ҰҒА xабарлары. Аграрлық ғылымдар сериясы) – ХХ ғасырдың 60-шы және 70-ші жылдары жоғары рейтингті ғылыми журналдардың халықаралық реестріне енген және олар Қазақстан ғылымның келбеті болып табылады.

Бұл журналдарға халықаралық рейтинг беру және оларды ірі Clarivate Analytics компаниясының деректер базасына енгізу – журналдарды бүкіләлемдік оқырмандар аудиториясына жеткізеді және дәйексөз алу көрсеткіштеріне айтарлықтай пайдалы үлес болып қосылады, сондай-ақ олар қазақстандық ғалымдарды, оқытушыларды, докторанттар мен магистранттарды және студенттерді көптеген материалдармен табыстыруға, аймақтық зерттеу ақпараттары мен пайдалы сілтемелерге жол ашып, әлемдік зерттеулер саласындағы ағымдағы беталыстардың толық бейнесін алуға мүмкіндік береді. Қазақстанның ғылыми журналдарының деңгейін мерзімдік ғылыми басылымдардың халықаралық стандарттарға дейін арттыру, сөз жоқ, жалпы алғанда, қазақстандық ғылымның дамуына ықпал етеді.