Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Болашақ үшін естелік» Халықаралық Форумы


30-31 мамыр күндері Ақтөбеде Қазақстан халықтары Ассамблеясының бастауымен, Мемлекеттік хатшы Г.Н. Әбдіқалықованың қатысуымен Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын еске алу күніне арналған «Болашақ үшін естелік» Халықаралық Форумы өтті. Форум шеңберінде ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының «Ұлы Дала Елі сакральдық мұрасы» жобасы аясында Қазақстан халықтары Ассамблеясының «Тағзым» республикалық тарихи-экологиялық акциясы жұмыстарын бастады. Тұрғындар қалашығы ауданында ашаршылық пен саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ескерткіштің ашылуы болды, «Депортациялар тарихынан. Қазақстан. 1939-1945 жж.» атты тарихи-деректі көрме, ҚХА мультимедиялық порталының тұсаукесері, сонымен қатар дөңгелек үстелдер мен конференция өткізілді. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми хатшысы, PhD доктор М.М. Қозыбаева форум іс-шараларына қатысып, «Тарихи естелік – рухани жаңғыру негізі» атты бейбітшілік сабақтарында сөз сөйледі және «Болашақ үшін естелік: сакральды тарих және тарихи жады» дөңгелек үстелінде баяндама жасады, «Қазақстан халқы» Интерактивті картасының презентациясын өткізді. Дөңгелек үстелдегі өз баяндамасында Махаббат Қозыбаева бұрынғы барлық посткеңестік аумақта өткен қасіретті жылдарды есте сақтау қажеттілігін түйсінуде, деп атап өтті. 1929-1953 жж. 5,4 млн-ға жуық кеңестік азаматтар әртүрлі репрессияларға душар болды, 1932-1933 жж. КСРО-да ашаршылық әртүрлі көрсеткіштер бойынша 8 млн адамның өмірін жалмады. Белоруссияда тоталитаризм дәуіріндегі мыңдаған тапталған тағдырларды 29 қазанда еске алады, Ресейде – 30 қазанда, Украинада саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын еске алу күні мамырдың үшінші жексенбісі, ал ашаршылық құрбандарын еске алу күні – қараша айының төртінші сенбісі. Бұрынғы Одақтың азиялық бөлігінде де осыған ұқсас жағдай: Өзбекстанда репрессиялар құрбандарын 31 тамызда, Қырғызстанда – 8 қарашада еске алады. Қазақстанға келсек, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қабылданған ең алғашқы заңдардың бірі ҚР 1993 ж. 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау» туралы Заңы болып табылды. Заңға сәйкес 340 мыңнан астам жазықсыз қуғындалған азаматтар ақталды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығы бойынша 1997 ж. бастап 31 мамыр ашаршылық пен саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын еске алу күні ретінде аталып өтуде. Ортақ қасіретті тарих – бізді біріктіретін жайт, тұтас буындар қасіреттерінің көлемдерін көзге елестетуге, зұлым режимнің жазықсыз құрбандарын құрметтеуге және қаза тапқандарды еске алуға мүмкіндік береді. Өз сөзінің соңында М.М. Қозыбаева Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының атынан С. Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасына, сатып алу және жаңа әдебиетті тарату бөлімінің меңгерушісі Қойлығұлова Күләнда Төлебайқызына институт ғалымдарының кітаптарын сыйға тартты.

         31 мамырда Форум шеңберінде М.М. Қозыбаева ҚХА мультимедиялық порталында орналасқан «Қазақстан тарихы» Интерактивтік картасының презентациясын өткізді. Картаны Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ҚР БҒМ Ғылым комитетінің үш жетекші ғылыми-зерттеу институттары: Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, География институты және Ақпараттық және есептеу технологиялары институты даярлап, 2018 ж. 1 наурызда тұсауын кескен болатын. Карта «Интерактивті тарихи карта», «Қазақстан халқы», «Тәуелсіздік кезеңі» атты үш бөлімнен тұрады және этносаралық бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық моделінің ерекшелігін сипаттайды.