Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Архив ісін жаңғырту және заманауи тәсілдер» атты республикалық семинар


31 мамырда Ақтөбе қаласында Ақтөбе облысының Мемлекеттік архивінде «Архив ісінің жаңғырту және заманауи тәсілдер» атты республикалық семинар өткізілді. Іс-шараға ҚР Президенті Архивінің директоры, т.ғ.д. Б.Ә. Жапаров, Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының ғалым хатшысы, PhD доктор М.М. Қозыбаева, ҚР Президенті Архивінің қызметкерлері – құжаттарды ғылыми жариялау басқармасының жетекшісі Е.В. Чиликова және құжаттарды ғылыми жариялау басқармасының бас сарапшысы Ж.Т. Байқаш, Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен аудандық архивтердің қызметкерлері қатысты. Модератор ретінде Ақтөбе облысының Мемлекеттік архивінің директоры Төлебай Марат Төлебайұлы болды. Іс-шара барысында Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты мен Ақтөбе облысының Мемлекеттік архиві арасында ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды. Семинар аясында М.М. Қозыбаева архивтік қызметі мен ғылыми-зерттеу институттарының өзара әрекеттесу аймағын кеңейту қажеттілігін белгіледі, Институттың тарихы мен құрылымы туралы, орындалып жатқан ғылыми жобалар туралы айтты, қол қойылған келісім шеңберінде Институт пен Ақтөбе облысының Мемлекеттік архиві арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын атап өтті.