Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Астана – Еуразия жүрегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция


2018 ж. 5 маусымда Институтта «Астана – Еуразия жүрегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференцияның негізгі мәселелері: туған өлке тарихын зерттеудегі методологиялық ұстанымдар және өлкетанудың даму ерекшеліктері; тарихнама және деректанудағы өзекті бағыттар; ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі өлке тарихын зерттеудегі түрлі аспектілер; тәуелсіз Қазақстанның елордасы – Астананың тарихын зерттеудегі заманауи тенденциялар; Астананың халықаралық байланыстары: Астана – бүкіләлемдік сұхбат алаңы. Модератор ретінде Институт директоры З.Е. Қабылдинов болды. Баяндама жасағандар: Алматы қ. Бостандық ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Х. Біржанов, Мимар Синан ат. Өнер университетінің профессоры Қ. Абдуақап, Институттың бас ғылыми қызметкерлері Қ.С. Алдажұманов пен М.Ж. Әбдіров, ҚР Президенті архиві директорының орынбасары Қ.Ш. Әлімғазинов, Р.Б. Сүлейменов ат. Шығыстану институтының тарихи материалдарды зерттеу орталығының директоры М.Қ. Әбусейітова, Х. Досмухамедов ат. Атырау мемлекеттік университетінің профессоры Ж.Т. Таңатарова, Абай ат. Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры М.Қ. Қойгелдиев. Сонымен қатар,  іс-шара аясында Х.Б. Табылдиевтің «Атырау қаласының тарихы» атты еңбегінің тұсаукесері өтті.