Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ТМД елдері жас архившілерінің Екінші жазғы мектебіне қатысу


2018 ж. 11-14 маусым күндері Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының Жас ғалымдар кеңесінің өкілдері ТМД елдері жас архившілерінің Екінші жазғы мектебінің қатысушылары болды. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві («Қазақстандағы архив ісін ұйымдастыру: мәселелер, тәжірибелер, инновациялар») мен әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің («Ақпараттандыру жағдайындағы құжаттарды архивтік сақтаудың әдістерін жетілдіру: Қазақстанның мемлекеттік архивтеріне халықаралық тәжірибені енгізу») іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу бағдарламаларын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды. Жазғы мектептің негізгі спикерлері Польшаның Ұлттық зерде институты Архивінің директоры Марзена Крук, Ұлттық зерде институтының қызметкері Станислав Коллер және АҚШ-тың Мэриленд университетінің профессоры Адам Крисберг болды, олар мұрағаттық істі ұйымдастыру ерекшеліктерін, соның ішінде Еуропа мен Америкадағы ғылыми айналымда мұрағаттық көздерді енгізуді ұсынды. Сонымен қатар, мектептің іс-шараларына ҚР ПӘ-нің, Алматы қ. Польша мен АҚШ-тың дипломатиялық корпусының өкілдері қатысты.

Жазғы мектепке тыңдаушылар ретінде ТМД елдерінен 100-ден астам адамдар, сонымен қатар архивтік ұйымдардың қызметкерлері, ҒЗИ ғылыми қызметкерлері, тарихи факультеттерінің оқытушылары шақырылды. Халықаралық үлгіде сертификаттармен Институт қызметкерлері марапатталды: ғалым хатшы, PhD доктор Қозыбаева М.М., кіші ғылыми қызметкерлер, 1 курс магистранттары: Морякова М., Жанұзақ Р., Жансеитова М.