Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«АЛЖИР-де азап шеккен аналар тағдыры (1938-1953 жылдары)» жобасы бойынша іссапар


«АЛЖИР-де азап шеккен аналар тағдыры (1938-1953 жылдары)» атты гранттық жоба аясында Халықтану және тарихи тұлғатану бөлімінің қызметкерлері, т.ғ.д. А.И. Құдайбергенова мен Г.Ә. Омарова Астана қаласына мұрағаттар (ҚР Ұлттық архиві, Астана қ. Мемлекеттік архиві) мен кітапханаларда, сондай-ақ «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін мен тоталитаризм құрбандарының мұражай-мемориалдық кешенінің қорларында тақырыпқа қатысты материалдар жинақтау мақсатында ғылыми іссапарда (03.06.2018 – 12.06.2018) болды.

Астана қ. Мемлекеттік архивінде іссапар барысында АЛЖИР тұтқындарының тағдырына қатысты мұрағаттық құжаттар табылды. Мәселен, М.Т. Юзипенконың жеке қоры (№370-қор). Ол ҰОС жылдарында карлагтың 26-точкасының (АЛЖИР) басшысы болып, лагерь надзирателі болған. Осы қордың 5 ісінде сақталған мәліметтер алынды.

Материалдарды жинақтау барысында «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін мен тоталитаризм құрбандарының мұражай-мемориалдық кешенінде зерттеу жұмыстары жүргізілді. Жобаны орындаушылар жұмыс нәтижесінде «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының анкеталарын, мұрағаттық анықтамаларын, тауып, құжаттардың, монографиялар мен кітаптардың электронды көшірмелерін алып келді. Ал қалған 26 іс қаралып, сотталғандардың жеке істері мен карточкалары талданды

«АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін мен тоталитаризм құрбандарының мұражай-мемориалдық кешенінен табылған кейбір материалдар әлі күнге дейін ғылыми айналымға енгізілмеген. Лагердің кейбір тұтқындары туралы бұрын-соңды жарияланбаған материалдары ҚР ІІД мұрағат қорларынан табылды. Жоба орындаушылары табылған барлық мәліметтерді жинақтап, талдау үстінде.