Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Қазақстан тарихы бойынша жаңа оқулық шықты


Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының ұжымы Институт директоры, профессор З.Е. Қабылдиновты ХVIII – XIX ғасырлар бойынша кезеңді қамтитын 8(7) сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» бойынша оқулығының 4-ші басылымының шығуымен құттықтайды. Оқулық ҚР БҒМ жаңа үлгілік бағдарламасына сәйкес 100 мыңнан астам дана таралыммен білім берудің жаңартылған мазмұны аясында дайындалды.

Институтқа шығармашылық табыс, денсаулық пен өркендеуді тілейміз!