Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институт Украина ҰҒА Украина тарихы институтымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды


2018 ж. 10 шілдеде Киев қ. ғылыми іссапар аясында Институт қызметкерлері: т.ғ.к., қауымдастырылған профессор, жетекші ғылыми қызметкер Уалтаева А.С. және PhD доктор, ғалым хатшы Қозыбаева М.М. Украина ҰҒА Украина тарихы институтында сапармен болды. Институт директоры, тарих ғылымдарының докторы, Украина ҰҒА академигі Валерий Андреевич Смолиймен және директор орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, Украина ҰҒА корреспондент-мүшесі Геннадий Владимирович Борякпен кездесу кезінде ынтымақтастықтың негізгі бағыттары анықталды. Украина тарихы институтында Украинаның тарихы мен мәдениеті бойынша ірі зерттеулер жүргізілуде, ірі халықаралық ғылыми-зерттеу институттарымен және орталықтарымен қарым-қатынастар жолға қойылған.

Кездесу шеңберінде қазақстандық делегация Институт ғалымдарының еңбектерін сыйға тартты және академик Валерий Андреевич Смолийді «Отан тарихы» ғылыми журналының редакциялық алқасына шақырды, ол бұл ұсынысты қабыл алды. Ғылыми байланыстар орнату және энциклопедиялық ғылыми басылымдар даярлауда тәжірибе алмасу мақсатында украиндық әріптестер Институт кітапханасына 10-томдық «Енциклопедія історії України» ғылыми еңбегін табыс етті (украин тілінде). Келіссөздер барысында магистрлер мен PhD докторларды бірігіп даярлау жөніндегі мәселелер, соның ішінде Украина тарихы институтының базасында тағылымдамадан өту және украиндық мамандарды докторлық диссертациялар жазуда шетелдік кеңесшілер ретінде тарту мәселелері оң шешілді.

Кездесу Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Институт Украина ҰҒА Украина тарихы институты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюмен аяқталды.