Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ПРЕСС-РЕЛИЗ «Қазақ халқының дамуындағы рухани мәселелер» атты дөңгелек үстел


2018 жылы 2 тамыз күні сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты   «Қазақ халқының дамуындағы рухани мәселелер» атты дөңгелек үстел өткізеді.

 Ұйымдастырушы:

–           ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты  

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында  «ХХІ ғасырда ұлттық сананы жаңарту, ұлттық бірегейлікті сақтау» тұрғысында мемлекеттік тілдің  қолданылу аясын кеңейту, көтеру мақсатында және рухани құндылықтарды, салт-дәстүрді  насихаттау мәселелері көтеріледі.

Әрбір үлкен іс-шарада шешендер өздерінің тыңдармандарын тарихи аңыздармен таныстыратын. Олар парасатты дәйексөздермен, балама сөз тіркестерімен, орынды айтылған мақал-мәтелдерімен, күнделікті өмірден алынған тапқыр сюжеттермен тіптен қызықты бола түсетін. Олардың жастарға орасан зор тәрбиелік әсері болды. Жастар бұл әңгімелерді есте сақтап, жаттап алуға тырысатын, өз кезегінде бұлар да келесі ұрпаққа жеткізетін. Қазақтың ауызша тарихындағы ұлттық код осылайша қалыптасқан, оны жаңғырту біздің міндетіміз.

Ұлы Дала елінде ежелден қоғамды біртұтас етіп біріктірген өзара көмек, мұқтажға қол созу сияқты бірегей дәстүрлер берік орныққан.

Іс-шараға институттың ғылыми қызметкерлері, докторанттары мен магистранттары,  еліміздің қоғам қайраткерлері қатысады.

Спикерлер:

Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы:

Ұлы Дала елінде ежелден қоғамды біртұтас етіп біріктірген өзара көмек, мұқтажға қол созу сияқты бірегей дәстүрлер берік орныққанын сипаттап, салт-дәстүрдің бәсекеге қабілетті болуға үйрететінін тұжырымдайды.

Шамшиденова Факия Мешведеновна: қазақтың ауызша тарихындағы ұлттық кодты, оны жаңғырту жолдарын талдайды.

Курманалина Нұргүл: қазақтың рухани құндылықтарын игеру арқылы рухани жаңғыру болатынын мазмұндайды.

Морякова Малика: қазақтың рухани мәдениетіндегі ұлттық бірегейлікті дәйектейді.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Шевченко, 28, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, 2-қабат, 205 мәжіліс залы.

Басталуы: сағат 10.00-де.

Жауапты тұлға: Шамшиденова Факия Мешведеновна, ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің меңгерушісі; +7 707 1778988; fakiya_sh@mail.ru. Ақпарат алу үшін тел.: 261-16-35, kazhistory@bk.ru