Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Уәлиханов Едіге Жансұлтанұлының рухына арнап


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұжымы Уәлиханов Едіге Жансұлтанұлының қазасына қайғырып көңіл айтады.

Едіге Жансұлтанұлы Институт ұжымына 1987 ж. келді. Ғылыми қызметкер дәрежесінен бастап, соңғы он жыл көлемінде Қазақстанның жаңа заман тарихы бөлімінің меңгерушісі міндетін атқарды. Едіге Жансұлтанұлы өмірінің соңына дейін өз ұжымына адал қызмет етті. Ауыр науқасына қарамастан өз әріптестерімен байланысын үзбеді. Оның қарапайымдылығы, мейірімділігі мен еңбексүйгіштігі қызметтестері мен достары арасында үнемі жоғары бағаланатын. Едіге Жансұлтанұлы әрқашанда біздің жадымызда тамаша адам, адал әріптес және шынайы досымыз ретінде сақтала береді.
Фотоархив

Увеличить картинку