Павлодар қ. облыс әкімінің орынбасары М.М. Бегентаев, ғалымдар, жергілікті тарихшылар, облыстың ұлттық-мәдени бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен «Сұлтанмамет сұлтан: тарихи сана-сезімін жаңғырту және ұлттық кодты сақтау тұрғысынан ұлттық рух пен тәуелсіздіктің бастауына» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Ол ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының іске асуына арналды. Іс-шара барысында институттың «Ұлы дала тарихы мен мәдениеті» бағдарламасы бойынша шығарылған («Султаны и батыры Среднего жуза» деген архивтік құжаттар жинағы мен З.Е. Қабылдиновтың «Султанмамет султан: государственный деятель, дипломат и батыр» атты монографиясы) жаңа кітаптарының тұсауы кесілді. Сонымен қатар, институт Г.Н. Потанин ат. Павлодар мемлекеттік тарихи-өлкетану музейімен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды. Институт форумның бірлескен ұйымдастырушысы ретінде болды.