Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институт еңбектерінің тұсаукесері


2019  жылы  11 маусымда Институтта шыққан ғылыми еңбектер: «Қазақ мемлекеттілігі және Алашорда» (А., 2018) ұжымдық монографиясы мен«Алаш в истории государственности Казахстана: идеи, судьбы, наследие» (А, 2018) архивтік құжаттар мен материалдар жинағының тұсаукесері өтті. Қонақ ретінде академик О.Баймұратұлы, профессорлар М.Ж. Әбдіров, Ғ. Халидуллин, қырғыз ғалымы Ж. Байдильдеев және т.б. шақырылды. Институт директорының орынбасары С.М.Борбасов, ғалым хатшы М.М. Қозыбаева, бас ғылыми қызметкер Г.С. Жүгенбаева баяндама жасады.

Модератор ретінде институт директоры З.Е. Қабылдинов болды. Іс-шараға белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері, студенттер, магистранттар, докторанттар, БАҚ өкілдері және отандық тарихқа қызығушылық білдірушілер қатысты.