Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ


2019 жылғы 13 маусымда Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Мемлекет тарихы институтымен (Нұр-Сұлтан қ.) бірлесіп, «Ұлы даланың біртуар тұлғалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Осы дөңгелек үстел «Ұлы даланың ұлы есімдері» ғылыми жобасын орындау аясында өткізілді.

Дөңгелек үстелдің жұмысына жобаның орындаушылары: Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, проф., т.ғ.д. З. Е. Қабылдинов, Мемлекет тарихы институтының директоры, проф., т.ғ.д. Б. Ғ. Аяған, Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары доц., т.ғ.к. А. Н. Қашқымбаев, проф., филол.ғ.д. Д. Қамзабекұлы, қауымд. проф. А. С. Уалтаева және т.б.

Дөңгелек үстелдің барысында жекелеген тарихи тұлғалардың қазақ халқы мен Ұлы даланың тарихындағы рөліне байланысты бірқатар әдіснамалық мәселелер талқыланды.