Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ресей Ғылым академиясының Шығыс қолжазбалары институтымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды


2019 жылдың 25 маусымында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Ресей Ғылым академиясының Шығыс қолжазбалары институтымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ресей Ғылым академиясының Шығыс қолжазбалары институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ирина Федоровна Поповамен кездесу барысында Институттың ғылыми хатшысы Қозыбаева Махаббат пен Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің аға ғылыми қызметкері Арепова Анар өзара ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Соның ішінде Ұлы дала тарихын зерттеу, сондай-ақ Архив-2025 бағдарламасы шеңберінде институттың қолжазба қорының материалдарын анықтау мақсатында жұмыс істеу туралы, бірігіп ғылыми мамандар даярлау, магистранттар мен докторанттарға ғылыми кеңес беру, ғылыми кітаптар алмасу туралы екі жақты келісімдерге қол жеткізілді.