Басшылық
Тілеубаев Шәмек Баянұлы
Білімі: жоғары, 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің тарих факультетінің күндізгі бөлімін үздік бітірді.
1997 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы күндізгі бөлім аспирантурасын бітірді, мамандығы: – 07.00.02. – Отандық тарих (Қазақстан Республикасының тарихы).
Еңбек өтілі: Барлығы – 39 жыл, оның ішінде ғылыми-педагогикалық – 29 жыл.
1997-1998 жж БИСС оқу технологиясы бойынша менеджер, 1998-1999 ж.ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыру институтында жоғары санатты инженер және Абылайхан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және шет тілдер университеті Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, 2000 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанның жаңа және қазіргі заманғы тарихы кафедрасының оқытушысы. 2000-2001 жж «Қазақ энциклопедиялары» редакциясының Қазақстан тарихы жөніндегі редакторы, 2001-2004 жж. оқытушы және 2004-2009 жж әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Қазақстанның жаңа және қазіргі заманғы тарихы» кафедрасының аға оқытушысы, 2008-2009 жж. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Қазақстанның жаңа және қазіргі заманғы тарихы» кафедрасының аға оқытушысы, 2009-2011 жж. Абай атындағы ҚазҰПУ Магистратура және PhD докторантура институтының «Гуманитарлық мамандықтар» кафедрасының аға оқытушысы, 2011-2012 жж. Абай атындағы ҚазҰПУ Магистратура және PhD докторантура институты Қазақстан тарихы және мәдениеті кафедрасының доценті м.а., 2012-2014 жж. Абай атындағы ҚазҰПУ Магистратура және PhD докторантура институтының гуманитарлық мамандықтар кафедрасының аға оқытушысы, 2014-2015 жж. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың шетел студенттерімен жұмыс жөніндегі тарих факультетінің әлеуметтік тарих кафедрасының аға оқытушысы, 2015-2021 жж. Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институты Т.С.Садықов атындағы атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы. 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап Ғылым және білім министрлігі Ғылым комитеті Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі. 2022 жылдың ақпан айынан бастап директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы, ал 2022 жылдың қыркүйегінен қазіргі уақытқа дейін Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ғылым комитеті, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары.
Ғылыми қызметі: тарих ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: «1916 жылғы Жетісу облысы қазақ және қырғыз халқының ұлт-азаттық көтерілісі».
Әртүрлі ғылыми басылымдарда 120-дан астам мақалалары жарияланған, 30-дан астам оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың, монографиялар мен ғылыми жинақтардың авторы және бірлескен авторы.
Ғылыми қызығушылықтары: Ұлт-азаттық көтерілістер тарихы, Алаш қозғалысының тарихы, Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін тарихы, ауызша тарих, күнделікті өмір тарихы.