Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Жас ғалымдар жобалары (2020-2023)


Соғыстан кейінгі онжылдықтағы Қазақстандағы шаруалар: әлеуметтік өзгеруі мен күнделікті  өмірі


Жобаның жетекшісі: Козыбаева М.М., доктор PhD.

Жоба тақырыбы: «Соғыстан кейінгі онжылдықтағы Қазақстандағы шаруалар: әлеуметтік өзгеруі мен күнделікті  өмірі».

Жоба ЖТН: AP08052897.

Өтініш беріліп отырған ғылыми дамудың басым бағыты6. «Мәңгілік ел» ғылыми негіздері (XXI ғасырдағы білім, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер).

Өтініш беріліп отырған арнайы ғылыми бағыттың атауы, зерттеу түрі: 6.1. Әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы, 6.1.3. Әлеуметтік және қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері және пәнаралық зерттеулер.

Жобаның мерзімі мен ұзақтығы 2020 ж. мамыр – 2022 ж. желтоқсан.

Жобаның идеясы – соғыстан кейінгіәлеуметтік-экономикалық, демографиялық, мәдени өзгерістер үдерістерді бастан кешіріп жатқан колхоз шаруаларының күнделікті өмірінің картинасын қалпына келтіру, кейінгі сталинизмнің қазақ шаруаларына қатысты саясатын жан-жақты зерделеу, елдегі қоғамдық рухани жаңғыру аясында аграрлық саясат саласы бойынша мемлекеттік органдар үшін тәжірибелік ұсыныстар жасау.

Жобаның мақсаты – соғыстан кейінгі колхоз шаруаларының күнделікті өмірін кейінгі сталинизм кезеңіндегі Қазақстан тарихы контексінде, аграрлық тарих контексінде жүйелі түрде зерттеу, қазақ қоғамының дәстүрлі құрылымының әлеуметтік-экономикалық өзгеріске ұшырауын зерттеудің ғылыми тұрғыларын анықтау.

Жобаны жүзеге асыру үшін келесі міндеттер қарастырылады:

1. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық тарихы аспектілерін зерттеудегі теориялық-әдіснамалық тұрғыларын шаруалар мысалында анықтау;

2. Соғыстан кейінгі кезеңдегі еліміздің қалаларын азық-түлік пен тауармен қамтамасыз етудегі ауыл шаруашылығының рөлін анықтау;

3. Шаруалардың күнделікті өмірі тарихын   әлеуметтік-экономикалық тәртіп моделі тұрғысынан және әлеуметтік рөлін қоғамның дәстүрлі құрылымының өзгеруі контексінен талдау жасау;

4. Соғыстан кейінгі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси тарихының негізгі сатыларын республиканың ауыл шаруашылығындағы дағдарыстар мысалында қарастыру;

5. Паспорттық жүйенің ықпалын, 1946-47 жж. КСРО-ның орталық аудандарындағы аштықты, Қазақстандағы ауыл халқын қаржыландырудың қалдықты принципін кешенді зерттеу;

6. Күнделікті тұрмыстың және жұмысшы шындығының ерекшеліктерін, кейінгі сталинизм кезеңіндегі жұмысшылардың әлеуметтік дүбәралануын зерделеу;

7. Экономикалық құрылым мен қоғамдық қатынастар жүйесіндегі жұмысшылардың қатысу рөлін айқындау;

8. Отандық тарих ғылымының тарихнамалық және деректанулық базасын жаңа архив және статистикалық мағлұматтармен, мерзімді басылым деректерімен, музей артефактілерімен, қарастырылып отырған кезеңнің ауызша деректерімен толықтыру;

9. Зерттеу нәтижелерін апробациялау мақсатында ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар өткізу;

10. Ғылыми жарияланымдар (монографиялар мен шетелдік рейтингті басылымдарда мақала), БАҚ-қа жарияланымдар жасау.

Алынған нәтижелердің ғылым мен технологияның дамуына ықпалы және жобаның әлеуметтікэкономикалық әсері. 

  1. Деректану және тарихнама базаларын жаңа архив материалдарымен және ауызша деректермен толықтыру, оларды ғылыми айналымға енгізу.
  2. Отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда, жинақтарда, газеттер мен журналдарда мақалалар жариялау.
  3. Монографиялық зерттеу, конференция материалдарының жинағын шығару.
  4. Қоғам назарын отан тарихының маңызды мәселелеріне аудару мақсатында осы тақырыппен айналысатын отандық және шетелдік сарапшыларды тарта отырып, ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар топтамасын өткізу.

Жоба жетекшісі – Козыбаева Махаббат Маликовна, PhD доктор, жетекші ғылыми қызметкер, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Нұрсұлтан қ. филиалы директорының м.а. Отандық және шетелдік журналдарда жарияланған 70-тен астам ғылыми мақалалардың авторы, 3 монографияның бірлескен авторы. Жұмыстың бағыты мен сипаты – ЖҒҚ, жобаны басқару, жақын шет елдерде мұрағаттық материалдарды жинау, ғылыми мақалаларды дайындау және жариялау, монографияның бөлімдерін жазу және материалдар жинағын дайындау. 

Scopus профиліне сілтеме: https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=55933887400.

Web of Science профиліне сілтеме: AAQ-9912-2020.

ORCID профиліне сілтеме: https://orcid.org/0000-0002-7223-2439.

Жобаның негізгі орындаушылары:

1. Апендиев Тимур АкимхановичPhD доктор, ЖҒҚ, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Тарихи демография және ҚХА бөлімі меңгерушісі. Жұмыстың бағыты мен сипаты – ЖҒҚ, жоба тақырыбы бойынша мұрағаттық құжаттарды жинау, ғылыми мақалаларды жариялау, монографияның бөлімін жазу. Профильге сілтеме: https://www.scopus.com/authid/detail.uri? authorId=57192888675.

2. Абдрахманова Кымбат Казалиевнатарих ғылымдарының кандидаты, профессор, кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ доценті. Жұмыстың бағыты мен сипаты – ЖҒҚ, жоба тақырыбы бойынша мұрағаттық құжаттарды жинау, материалдарды талдау және жүйелеу, ғылыми мақалаларды жариялау, монографияның бөлімін жазу. Профильге сілтеме: https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId =57192107730.

3. Жалмагамбетов Ерланбек Адилбекович тарих магистрі, Абай атындағы ҚазҰПУ аға оқытушысы. Жұмыстың бағыты мен сипаты – ҒҚ, жоба тақырыбы бойынша мұрағаттық құжаттарды жинау, материалдарды талдау және жүйелеу, ғылыми журналдарда мақалалар жариялау, монографияның бөлімін жазу. Профильге сілтеме: https://www.scopus.com/authid/detail.uri? authorId=55816266800.

4. Болатхан Әлия – тарих магистрі, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының сыртқы байланыстар, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің ғылыми қызметкері. Жұмыстың бағыты мен сипаты – ҒҚ, мұрағат материалдарын жинау, ғылыми мақалаларды жариялау, монография бөлімін жазу. 

5. Конкабаева Арайлым – тарих магистрі, жобаны орындаушы. Жұмыстың бағыты мен сипаты – ҒҚ, жоба тақырыбы бойынша мұрағаттық құжаттарды жинау, материалдарды талдау және жүйелеу, ғылыми журналдарда мақалалар жариялау, монографияның бөлімін жазу. 

6. Бекенова Амагул Арапхановна– тарих магистрі. Жұмыстың бағыты мен сипаты – ҒҚ, мұрағаттық және жазбаша материалдарды жинау және өңдеу, ғылыми мақалаларды жариялау, монография бөлімін жазу, жобаны құжаттамалық қамтамасыз ету. 

7. Закарья Рахметолла– докторант, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының дүниежүзі тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері. Жұмыстың бағыты мен сипаты – КҒҚ, жоба тақырыбы бойынша мұрағаттық құжаттарды жинау, материалдарды талдау және жүйелеу, ғылыми журналдарда мақалалар жариялау, монографияның бөлімін жазу. 

8. Қали Айнұр– тарих магистрі, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері. Жұмыстың бағыты мен сипаты – КҒҚ, жоба тақырыбы бойынша мұрағаттық құжаттарды жинау, материалдарды талдау және жүйелеу, ғылыми мақалаларды жариялау, монографияның бөлімін жазу.

9. Зикирбаева Венера Сериковна – Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты этнология және антропология бөлімінің суретші-дизайнері, тарих магистрі. Жұмыстың бағыты мен сипаты – КҒҚ, монография шығаруда иллюстрациялар дайындау, мәтіндік материалдар теру, жоба бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу.

Жоба басшысы мен мүшелерінің негізгі жарияланымдары туралы мәліметтер:

1. Kozybayeva M.M. “Alien Elements” in the Social Structure and Everyday Life of City Population in Northern Kazakhstan in the 1920s (as exemplified by Akmolinsk). // Life Science Journal. – 2014. – Vol.11 – Iss. 9 – P. 348-351. ISSN 1097-8135 SJR_2014: 0,161 (Scopus) (coauthor – Kabuldinov Z.Y.)

2. Kozybayeva M.M. City Family of North Kazakhstan in 1920-1930s. // The Anthropologist. International Journal of Contemporary and Applied Studies of Man. – 2015. –Vol.22 – Iss.3. – P.560-567 (Thompson Reuters) (Kabuldinov Z.Y.)

3. Козыбаева М.М. Влияние голода 1921-1922 годов на повседневную жизнь городского населения Северного Казахстана // Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. – Караганды, 2014 – № 3(75) – С.162-167. ISSN 0142-0843

4. Козыбаева М.М. Развитие торговли и ее роль в повседневной жизни городского населения Северного Казахстана в 1920-1930-е гг. // Вестник государственного университета имени Шакарима города Семей. –  2015 – №3 (71) – С. 222–225.

5. Козыбаева М.М. Городская семья и проблемы советского общества в 1920-1930-е гг. в контексте изучения истории повседневности городов Северного Казахстана // Вестник Евразийского национального университета им. Л.Н. Гумилева. Серия Гуманитарные науки. – Астана, 2015 – №2 (100). – С.344–350.  ISSN 1028-9364 – 0,4

6. Kozybayeva M.M. Restrictions on access to the education system in the context of the study of everyday life in the cities of Northern Kazakhstan 1920-1930-ies // Materials of the XI International scientific and practical conference “Science without borders” – Sheffield. Science and education LTD, 2015. – Vol. 9. History. Philosophy. – 96 p.–P.37–39.

7. Козыбаева М.М. Миграционные процессы и социально-экономическое положение казахского населения Западной Сибири в 1930-х гг.  // Вестник КГПИ. – 2017. – №3 (47) – С.45-51

8. Козыбаева М.М. Время помнить: к вопросу о трагических страницах отечественной истории 20-50-е гг. XX века // Материалы Международного форума в рамках проекта «Память во имя будущего», посвященного Дню памяти жертв политических репрессий. – Актобе, 2018. – С.95-98.

9. Козыбаева М.М. Характеристика системы занятости и уровня жизни городского населения Северного Казахстана в 1920–1930-е годы // «Академик Ақай Нүсіпбеков және Қазақстанның ұлттық тарихының жаңғыруы» атты «VI-шы Нүсіпбеков оқулары» Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы материалдарының жинағы. – Алматы: 2019. – 304 б. – С. 131-144.

10. Kozybayeva M.M. Ethnic processes in the cities of Northern Kazakhstan in 1920-1930s // Материалы международной научно-практической конференции «Вопросы персоналистики казахстанской истории: Малик-Айдар Хантемирович Асылбеков», посвященной к 90-летию академика НАН РК, доктора исторических наук, профессора М.-А.Х. Асылбекова. – Алматы, 2019 – С.425-432. 

  1. Apendiev T. Formation and development of the bodies of the passport system in Soviet Kazakhstan in 1920s. – Man In India. – № 96 (10). – 2016. – 3673-3684 бб. (Омарбаев Ы., Смағұлова С.Ә., Уалтаева А.С., Хорек Славомир)
  2. Apendiev T. Historical picture of the German people migration to Kazakhstan (end of the XIX and the beginning of the XX centuries). – Man In India. – № 96 (10). – 2016. – 4015-4026 бб. (Құдайбергенова А.И., Уалтаева А.С., Абдукадыров Н.М., Сатов Е.Ж.)
  3. Apendiev T. An Historical Picture of German Resettlement to Kazakhstan (End of the 19th Century-Beginning of the 20th Century). – Вестник РАН. – №6. – 2016. – С. 1154–1156 (Асылбекова Ж.М., Абдукадыров Н.М., Сатов Е.Ж.)
  4. Apendiev T. Influence of migration processes on changing in the ethnic composition of the population of Kazakhstan (End of the XIX – end of the XX centuries). – Man In India. – № 97 (2). – 2017. – 47-64 бб. (Құдайбергенова А.И., Жүгенбаева Г.С., Шатыбекова К., Бисембаева Л., Жұмәділ А.Қ., Қайыпбаева А., Сүлейменова Қ.)
  5. 5. Apendiev T. Resettlement of the Germans to the territory of modern Kazakhstan in the Pre-Revolution period. – Былые годы. – №44 (2). – 2017. – С. 568-575. (T.A. Aпендиев, T.A. Tулебаев, К.Е. Абикенова, С.Жандыбаева).
  6. Апендиев Т. Қазақстандық немістер: әлеуметтік – демографиялық құрамындағы өзгерістер (1989-2009 жж.) // Отан тарихы. – №1 (69). – 2015. – 136-142 бб.
  7. Апендиев Т. Қазақстанға немістердің қоныс аударуы (ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басы) // КазНПУ хабаршысы, тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. – №1 (44). – 2015. – 226-230 бб.
  8. Апендиев Т. Қазақстан аумағында неміс диаспорасының миграциялық толқынының пайда болу мәселелері // ҚР ҰҒА Хабарлары. – Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімшесі. – №2. – 2015. – 240-247 бб.
  9. Апендиев Т. 1926-1939 жылдардағы Оңтүстік Қазақстанның әлеуметтік-демографиялық жағдайы // – ҚР ҰҒА Хабаршысы. – №6. – 2015. – 121-135 бб. (Асылбеков М.Х., Сатов Е.Ж. бірге).
  10. Апендиев Т. Лезгиндердің генезисі мен қазақстанға қоныстану тарихы // Отан тарихы. – №1. – 2019.  – 189-205 бб.
  11. Конкабаева А. Ш. Уәлиханов еңбектерінің тарихи маңыздылығы // «Шоқан Уәлиханов және қазақ фольклоры» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2015. – 104-109 б.
  12. Конкабаева А. ХХ ғасырдағы Маңғыстау өлкесінің тарихы естеліктер негізінде // Отан тарихы.– 2017. – №4. – 131-136 бб.
  13. Конкабаева А. Ауызша тарих: деректемелік талдау мәселелері // Электронный научный журнал «edu.e-history.kz». – 2017 – №3 (07) http://edu.e-history.kz/ru/publications/view/ 500 (в соавторстве Жүгенбаева Г.С., Бұрханов Б.Б.)
  14. Зикирбаева В. Фотоматериалдардың этнографиялық дереккөз ретіндегі маңызы // Отан тарихы  – 2019. – №1(85) – 47-58 бб. (соавтор Шашаев Ә.Қ.)

2020 жылға арналған жұмыстың негізгі нәтижелері

1. Жоба бойынша отандық мұрағаттар мен кітапханаларда мұрағаттық материалдарды жинауды жүзеге асыру, ауызша материалдарды жинау, алынған деректерді өңдеу.

Орталық мұрағаттар мен кітапханаларда (Алматы қ.) жұмыс жүргізілді, отандық мұрағаттар мен кітапханаларға (Нұр-сұлтан, Шымкент, Өскемен қалаларына) бірқатар археографиялық экспедициялар жүзеге асырылды, онлайн-режимде (Қостанай, Павлодар, Петропавл қалаларына) құжаттарды анықтау бойынша өңірлік мұрағаттарға сұраулар жіберілді. Анықталған материалдардың негізінде зерттеудің дереккөз базасы құрылды, оның негізін отандық мұрағаттарда: Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік архивінде (ҚР ОМА), Кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік архивінде (КДЖОМА), Қазақстан Республикасы Президентінің архивінде (ҚР ПА) табылған құжаттар құрады. Ақмола облысының мемлекеттік архиві (АОМА), Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архиві (НҚМА), Түркістан мемлекеттік облыстық мұрағаты және Шымкент қалалық архиві, Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві (ШҚОМА), Қостанай облысының мемлекеттік архиві (ҚОМА), Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архиві (СҚМА), Павлодар облысының мемлекеттік архиві (ПОМА), Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағаты (ҚарОМА). 80 жастан асқан ауыл тұрғындары өкілдерінің ақпарат берушілері үшін сауалнамалар дайындалды (г қосымшасы). Зерттеудің кең және дереккөздік базасы, соның ішінде ауызша дәлелдер мен естеліктер негізінде құрылды.

ҚР Ұлттық кітапханасы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, А.  Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық біріккен әмбебап ғылыми кітапханасы, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Ғылыми кітапханасы, сондай-ақ шетел кітапханалары: Ресей мемлекеттік кітапханасы, А. С. Пушкин атындағы Омбы мемлекеттік облыстық ғылыми кітапханасы қорларындағы ғылыми әдебиеттер зерттелді. Соғыстан кейінгі кеңестік күнделікті өмір бойынша ағылшын, неміс, орыс және басқа да тілдердегі ғылыми шетел әдебиеті мен мерзімді басылымдардың материалдары ұсынылған онлайн-кітапхананың электрондық ресурстары зерделенді. Анықталған материалдардың, оның ішінде кеңестік шаруалар мәселесі бойынша шетелдік (ағылшын-американдық) және кеңестік тарихнама (120-дан астам кітап, 15 құжаттар жинағы, мерзімді баспасөзде 90 ғылыми мақала) негізінде зерттеудің тарихнамалық базасы құрылды. Ғылыми мақалаларды дайындау және монография жазу барысында ресейлік және заманауи қазақстандық тарихнаманы талдау бойынша жұмыстар жүргізілді.

2. «Күнделікті сталинизмді зерттеудің әдіснамалық тәсілдері: сталиндік шаруалар» атты республикалық дөңгелек үстел ұйымдастыру және өткізу.

2020 ж. 17 қыркүйекте жоба аясында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Жас ғалымдар кеңесі «Күнделікті сталинизмді зерттеудің әдіснамалық тәсілдері: сталиндік шаруалар» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өткізді (д қосымшасы). Дөңгелек үстелдің мақсаты: қазақ қоғамының дәстүрлі құрылымының әлеуметтік-экономикалық трансформациясы контексінде 1920-1950 жылдардағы Қазақстандағы шаруалардың күнделікті өмірін зерттеудің ғылыми тәсілдерін анықтау. Дөңгелек үстел отырысында Қазақстандағы шаруаларды зерттеудің жаңа теориялық-әдіснамалық тәсілдері; кеңестік шаруалардың күнделікті өмір тарихы мен күнделікті өмірі бойынша дереккөздердің түрлері және деректану мәселелері; сталинизм кезеңіндегі шаруалар тарихы бойынша отандық және шетелдік тарихнама мәселелері талқыланды. Спикерлер тарихи түсініктерді қалыптастыруда және әдіснамалық құралдарды іріктеуде шетелдік тарихнаманы сыни талдау қажеттілігін атап өтті. Қазіргі отандық тарихнамада белгіленген мәселенің маңыздылығын ескере отырып, іс-шара қорытындысы бойынша дөңгелек үстел материалдарының жинағын басып шығару, сондай-ақ шаруалардың кеңестік күнделікті өмірін зерттеуге бағытталған отандық және шетелдік тәжірибені зерттеуді және жинақтауды жалғастыру ұсынылды.

3. Ғылыми зерттеу материалдарын жүйелеу және монографияның 1-бөлімінің қолжазбасын дайындау.

Ғылыми зерттеу материалдарын жүйелеу бойынша жұмыс жүргізілді, болашақ ұжымдық монографияның жоспары жасалды және шаруалардың күнделікті өмірін зерттеудің теориялық-әдіснамалық аспектілеріне арналған 1 бөлімнің қолжазбасы дайындалды (соғыстан кейінгі шаруалардың күнделікті өмірі туралы отандық және шетелдік тарихнама, зерттеудің дереккөз базасы, шаруалардың күнделікті өмірінің тарихын зерттеудің теориялық тәсілдері мен әдіснамалық принциптері).

4. Жоба бойынша 2020 ж.жарияланымдар

Осы міндет аясында ғылыми мақалаларды жариялауға дайындық жұмыстары жүргізілді. 2020 жылы зерттеу нәтижелері бойынша: барлығы – 28 мақала, оның ішінде: нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын шетелдік басылымдарда (РҒДИ) – 2, рецензияланатын отандық басылымдарда (БҒССҚК ұсынған) – 11, басқа ғылыми басылымдарда – 2, БАҚ-тағы жарияланымдарда-13, зерттеу тақырыбы бойынша республикалық және халықаралық конференциялар мен дөңгелек үстелдерде 10 баяндама және сөз сөйлеу дайындалды.

1) Нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын шетелдік басылымдардағы мақалалар (РҒДИ):

1 Азербаев А.Д. Православие в повседневной жизни Павлодарского Прииртышья периода сталинизма // МатериалыМеждународной научной конференции «Будущее нашего прошлого-6: история повседневности и повседневность историка». – Москва, 27 ноября 2020 г. (в печати).

2 Апендиев Т.А. Архивы говорят: Реабилитация и память [Archives say: Rehabilitation and Memory] // Materials of International Practical Internet Conference “Challenges of Science”. – 2020. – Issue III, p.150-153. // https://doi.org/10.31643/2020.021 (Калыбекова М.Ч.).

2) Рецензияланатынотандықбасылымдардағы (БҒССҚКұсынған) мақалалар:

  1. Абдрахманова К.К. История повседневной жизни крестьянства Казахстана в послевоенное десятилетие: историографический аспект // Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. – 2020 – №3 (99) – С. 7-20.
  2. Азербаев А.Д. Ислам в повседневной сельской жизни Павлодарской области в послевоенные годы // Отан тарихы. – 2020. – № 3 (91). – С. 139-150.
  3. Әпендиев Т.Ә. Қазақстандағы ауыл тұрғындарының сандық көрсеткіші бойынша демографиялық процестер» // «edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы. – 2020. – № 4(24) қазан-желтоқсан.
  4.  Болатхан Ә. 1917-1980 жж. кеңестік Қазақстан мектептеріндегі
     тарихты оқыту әдістемесінің қалыптасуы және даму тәжірибесінен // Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы.  – 2020 – №2 (65) – 522-526 бб. (Асымова Д.)
  5. Жалмагамбетов Е.А. Қазақстан білім жүйесінің қалыптасуындағы
     Қызылордалық кезеңнің орны // Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы.  – 2020 – №2 (65) – 41-47 бб. (Әзіретбергенова Э.Ж.).
  6. Жалмагамбетов Е.А. Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі шаруалардың әлеуметтік стратификациясы // Вестник КазНПУ им. Абая. Серия социологические и политические науки. – 2020. – №4 ( в печати)
  7. Козыбаева М.М. Концептуальное переосмысление национальной истории: вклад А. Кузембайулы в развитие исторической науки Казахстана // Отан тарихы. – 2020. – № 1 (89). – С. 58–72. (Абиль Е.А.)
  8. Козыбаева М.М. Особенности социально-экономического положения крестьянства Северо-Казахстанской области в послевоенный период // Отан тарихы. – 2020. – № 3 (91). – С. 150-131. (Құдайбергенұлы Б.)
  9. Қозыбаева М.М. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Павлодар қаласы // Электронный научный журнал «edu.e-history.kz». – 2020. – №2 (22), сәуір-маусым (Құдайбергенұлы Б., Кабдушев Б.Ж.)
  10.  Zakarya R. Survival strategies and mechanisms of virgin land peasants adaptation to changing conditions // Электронный научный журнал «edu.e-history.kz». – 2020 – № 3(23), июль-сентябрь (Kudaybergenova A.I.)
  11.  Қали А.Н. Қазақстандағы соғыстан кейінгі жылдардағы сауаттылық пен білім деңгейі (1945-1955) // Электронный журнал «edu.e-history.kz». – 2020. – № 4 (24) (в печати).

3) Басқа да отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда:

  1. Болатхан Ә. Қапал уезі күнделікті өмірінде пошта байланысының алатын орны // SDU Bulletin: Social Sciences. – 2020 – Vol. 52 (1) // https://journals. sdu.edu.kz/index.php/ss/article/view/260 (Құлынтай Д.) (дата обращения – 1.11.2020 г.)

2. Zakarya R. Survival strategies and mechanisms of adaptation of workers of virgin lands to changing conditions. // Culture, education, literature. Электронный журнал – Чехия, 2020. – P.35-37

4) БАҚ жарияланымдары мен сөз сөйлеулер:

  1. Козыбаева М.М. Надо знать светлые и темные страницы истории // Портал «История Казахстана». – 2020, 30 мая. // https://e-history.kz/ru/news/show/28295/ (дата обращения – 1.11.2020 г.)
  2. Козыбаева М.М. Новая веха в становлении казахской идентичности // Вечерняя Астана. – 2020, 2 июня. // https://vechastana.kz/novaya-veha-v-stanovlenii-kazahskoj- identichnosti/ (дата обращения – 1.11.2020 г.)
  3. Козыбаева М.М. Символы страны // Вечерняя Астана. – 2020, 4 июня. // https://vechastana.kz/simvoly-strany/ (дата обращения – 1.11.2020 г.)
  4. Козыбаева М.М. Главный город страны // Вечерняя Астана. – 2020, 4 июля. // https://vechastana.kz/glavnyj-gorod-strany/  (дата обращения – 1.11.2020 г.) (Кабульдинов З.Е.)
  5. Республиканский круглый стол «Методологические подходы к изучению повседневного сталинизма: сталинские крестьяне» // Сайт Института истории и этнологии им Ч.Ч. Валиханова. – 2020, 17 сентября // https://iie.kz/?p=11061&lang=ru 
  6. «Күнделікті сталинизмді зерттеудің әдіснамалық тәсілдері: сталиндік шаруалар» атты Республикалық дөңгелек үстел // Сайт Института истории и этнологии им Ч.Ч. Валиханова. – 2020, 17 сентября. // https://iie.kz/?p=11061 (дата обращения – 1.11.2020 г.)
  7. Сталинские крестьяне // «Qazaqstan tarihy» порталы. – 2020, 21 сентября // https://iie.kz/?p=11061&lang=ru (дата обращения – 10.11.2020 г.)
  8. Козыбаева М.М. На пути Абая // Вечерняя Астана. – 2020, 8 октября. // https://vechastana.kz/na-puti-abaya/ (дата обращения – 10.10.2020 г.)
  9. Болатхан Ә. Мақсатымыз – соғыстан кейінгі тарихты кешенді зерттеу // Оңтүстік Қазақстан» атты Түркістан облыстық қоғамдық-саяси газеті. – 2020, 19 қазан // https://okg.kz/post?id=22497&slug=maqsatymyz-sogystan-keiingi-tarihty-keshendi-zertteu (дата обращения – 20.10.2020 г.)
  10. Болатхан Ә. Научный интерес // «Южный Казахстан». Областная общественно-политическая газета. – 2020, 19 қазан // https://yujanka.kz/nauchnyj-interes/ (дата обращения – 10.11.2020 г.).
  11. Научная командировка в город Шымкент //  Сайт Института истории и этнологии им Ч.Ч. Валиханова. – 2020, 20 октября //  https://iie.kz/?p=11275&lang=ru. (дата обращения – 21.10.2020 г.)
  12. Шымкент қаласына ғылыми іссапар // Сайт Института истории и этнологии им Ч.Ч. Валиханова. – 2020, 20 октября // https://iie.kz/?p=11275&lang=kk (дата обращения – 21.10.2020 г.)
  13.  Областной архив посетили сотрудники Института истории и этнологии // Сайт КГУ «Государственный архив Акмолинской области» Управления культуры, архивов и документации Акмолинской области // http://obl-archive.akmo.gov.kz/news/read/Oblastnoj_arhiv_posetili_sotrudniki_ Instituta_istorii_i_etnologii_20201027052112.html (дата обращения – 21.10.2020 г.)

5) Республикалық және халықаралық конференциялар мен дөңгелек үстелдердегі баяндамалар:

  1. Қозыбаева М.М. Некоторые проблемы методологии и виды источников по изучению крестьянской повседневности эпохи сталинизма // Программа Республиканского круглого стола «Методологические подходы к изучению повседневного сталинизма: сталинские крестьяне». – Алматы, 17 сентября 2020 г.
  2. Абдрахманова К.К. Проблемы изучения советского крестьянства в англо-американской историографии // Программа Республиканского круглого стола «Методологические подходы к изучению повседневного сталинизма: сталинские крестьяне». – Алматы, 17 сентября 2020 г.
  3. Азербаев А.Д. Религия в сельской повседневности послевоенного периода (на примере Павлодарской области) // Программа Республиканского круглого стола «Методологические подходы к изучению повседневного сталинизма: сталинские крестьяне». – Алматы, 17 сентября 2020 г.
  4. ӘпендиевТ.Ә.1945-1955 жж. Қазақстандағы ауыл тұрғындары сандық көрсеткіштеріндегі демографиялық процестер// «Сталинизмнің күнделікті тарихын зерттеудің методологиялық тәсілдері: сталиндік шаруалар» атты Республикалық дөңгелек үстелдің бағдарламасы. – Алматы, 2020 жылғы 17 қыркүйек.
  5. Жалмағамбетов Е.Ә. Роль личного подсобного хозяйства в жизни советского крестьянства в поздний сталинский период // Программа Республиканского круглого стола «Методологические подходы к изучению повседневного сталинизма: сталинские крестьяне». – Алматы, 17 сентября 2020 г.
  6. Болатхан Ә. Күнделікті өмір тарихын зерттеу әдістері және оларды Отандық тәжірибеде қолдану мәселелері // «Сталинизмнің күнделікті тарихын зерттеудің методологиялық тәсілдері: сталиндік шаруалар» атты Республикалық дөңгелек үстелдің бағдарламасы – Алматы, 2020 жылғы 17 қыркүйек.
  7. Күркеев Е.М. Кеңестік Қазақстандағы шаруалардың күнделікті өмір тарихының кейбір мәселелері // «Сталинизмнің күнделікті тарихын зерттеудің методологиялық тәсілдері: сталиндік шаруалар» атты Республикалық дөңгелек үстелдің бағдарламасы – Алматы, 2020 жылғы 17 қыркүйек.
  8. Қали А.Н. Кеңестік кезеңдегі ауыл еңбеккерлерінің бос уақытын тиімді пайдаланудың күнделікті тарихы (1945-1955 жж) // «Сталинизмнің күнделікті тарихын зерттеудің методологиялық тәсілдері: сталиндік шаруалар» атты Республикалық дөңгелек үстелдің бағдарламасы – Алматы, 2020 жылғы 17 қыркүйек.
  9. Болатхан Ә. Дастархан: заманауи Қазақстандағы тамақтану дәстүрі және бірегейлік // Международный онлайн-форум молодых ученых «Модель Назарбаева» — стратегический ответ Казахстана на вызовы XXI века». – Алматы, 26-30 октября 2020 г.
  10. Козыбаева М.М. Социально-экономическое положение крестьянства в Казахстане в послевоенный период // Международная экспертная площадка в формате видеоконференции «История как общая память: российско-казахстанский диалог». – Новосибирск-Алматы, 28 октября 2020 г.

2021 жылға арналған жұмыстың негізгі нәтижелері

1. Жоба бойынша шетелдік (РФ, Мәскеу қ.) және отандық мұрағаттар мен кітапханаларда мұрағат материалдарын жинауды жүзеге асыру, ауызша материалдарды жинау, оларды талдау

Жоба бойынша ауызша материалдар мен архив материалдарын шетелдік (Мәскеу қ., РФ) және отандық архивтер мен кітапханаларда жинау, оларға талдау жасау жүзеге асырылды, дереккөз базасы жаңа мәліметтермен толықтырылды. РФ мемлекеттік архивінің (РФМА), Ресей Мемлекеттік әлеуметтік-саяси тарих архивінің (РМӘСТА) қорларынан мұрағаттық құжаттарды жинау үшін Мәскеу қаласына (РФ) іссапар жүзеге асырылды. РФМА-да Қазақстан колхоздарында цензура, прокуратура, денсаулық сақтау мәселелері бойынша Ф.Р9425, Р8131, Р8009, Р9548 қорларынан материалдар табылды. РМӘСТА-де 17 қ. КОКП Орталық Комитеті Қазақ КСР ауыл шаруашылығын партиялық басқару және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша материалдар зерттелді. ҚР Орталық мемлекеттік архивінен (Ф. 99, 288, 698, 929, 1142, 1373), ҚР Президентінің Архивінен (ф. 15, 18, 27, 29, 660), Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архивінен (ф. 17, 362, 367, 368, 369, 372, 407), Қарағанды облысының мемлекеттік архивінен (Ф. 468, 530, 555, 596, 664), Қостанай облысының мемлекеттік архивінен (Ф. 234, 1116), Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінен (Ф. 13, 281, 682) ауыл шаруашылығы мен сауданың дамуы, халыққа білім беру және денсаулық сақтау, колхоздардағы шаруалар арасындағы жұмыс, облыстар халқының табиғи қозғалысы мәселелері бойынша жоғарыда аталған отандық архивтерінен архив материалдарын жинау жүзеге асырылды. Шетелдік және отандық кітапханаларда материалдар жиналды: Ресей мемлекеттік кітапханасы (Мәскеу қ., РФ), ҚР Ұлттық кітапханасы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасынан зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттер анықталды. Қазақстан облыстарында ауызша материалдарды (мемуарларды) жинау, алынған деректерді өңдеу және талдау жүзеге асырылды.

2. Іс-шараларды өткізу.

2021 ж. 25 мамырда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның аграрлық тарихының өзекті мәселелері: билік және қоғам» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы материалдарының жинағын басып шығарумен (12 б.т.) өткізілді, жоба тақырыбы бойынша практикалық ұсынымдар әзірленді. Конференцияның мақсаты – қазақ қоғамының дәстүрлі құрылымының әлеуметтік-экономикалық трансформациясы үдерісінде билік пен қоғамның өзара іс-қимылы контексінде Кеңес кезеңіндегі Қазақстанның аграрлық тарихын зерттеудің өзекті мәселелерін анықтау. Конференция жұмысына жетекші ғалымдар, отандық жоғары оқу орындарының оқытушылары, ТМД елдерінің ғылыми мекемелерінің өкілдері, сондай-ақ докторанттар мен магистранттар қатысты. Конференцияда 25 баяндама тыңдалды. Келесі мәселелер талқыланды: Қазақстанның кеңестік аграрлық тарихын зерттеудегі теориялық-методологиялық тәсілдердің ерекшеліктері, кеңестік кезеңдегі Қазақстанның аграрлық тарихы бойынша отандық және шетелдік тарихнаманың өзекті мәселелері, Қазақстандағы кеңестік шаруалар тарихы бойынша дереккөздердің түрлері мен деректану мәселелері, соғыстан кейінгі шаруаларды зерттеу ерекшеліктері мен шаруалардың күнделікті өмірінің ерекшеліктері және т. б. 

3. Жоба бойынша 2021 жылғы жарияланымдар

1) Нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын отандық басылымдағы жарияланымдар (БҒССҚК ұсынған):

1. Абдрахманова К.К. Проблемы советского крестьянства в послевоенное десятилетие в современной российской историографии. // Вестник Карагандинского университета. Серия История, Философия. – 2021. – № 2 (102). – С. 6-14. DOI 10.31489/2021HPh/6-19 (КОКСОН)

2. Қозыбаева М.М. Соғыстан кейінгі кезеңдегі Солтүстік Қазақстан облысы шаруаларының әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен күнделікті өмірінің ерекшеліктері // Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы. 2021. – №4– 44-53 бб.DOI 10731489/2021HPh4(КОКСОН)

3. Әпендиев Т.А. 1945-1955 жж. Қазақстандағы ауыл халқының демографиялық жағдайы // ҚР ҰҒА Хабаршысы. – 2021. – №6 (394) – 215-226 бб. (КОКСОН).

4. Қали А.Н. Соғыстан кейінгі жылдардағы ауыл өмірінің күнделікті тарихынан (1945-1960) // «edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы. – 2021. – № 4 (28).

2)  Нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын шетелдік басылымдағы жарияланымдар (РҒДИ):

1. Абдрахманова К.К. Проблемы изучения повседневности советского крестьянства в современной англо-американской историографии // Будущее нашего прошлого – 6: История повседневности и повседневность историка: Материалы международной научной конференции. – 27 ноября 2020 г. – М.: РГГУ, 2021. – С. 237-245.

3) Конференция материалдарының жинақтары:

1. Сборник материалов Международной научно-практической конференции «Актуальные проблемы аграрной истории Казахстана в советский период: власть и общество». – Алматы; Институт истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова, 2021. – 192 с. ISBN 978-601-7342-52-4

4) БАҚ-тағы ғылыми-танымал мақалалар:

  1. Козыбаева М.М. Единую базу всех категорий жертв репрессий намерены создать в Казахстане. // Егемен Қазақстан. – 2021. – 28 мамыр. // https://www.egemen.kz/article/276345-v-kazakhstane-namereny-sozdat-edinuyu-bazu-vsekh-kategoriy-dgertv-repressiy (дата обращения – 10.11.2021 г.)
  2. Болатхан Ә. Ұлттық сана-сезіміміз ішіп отырған асымызға байланысты: Отандық ғалым қазақ тағамдарын дастарханымызға қайтаруды көздейді // Stan.kz. – 2021. – 4 сәуір. // https://stan.kz/ylttik-sana-sezimimiz-iship-otirgan-asimizga-baylanisti-343897/ (дата обращения – 10.11.2021 г.)
  3. Әпендиев А.А., Болатхан Ә. «Қазақстанның соғыстан кейінгі онжылдықтағы шаруалары: әлеуметтік трансформация және күнделікті өмір» жоба аясындағы ғылыми іссапарлар. // Сайт Института истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова. – 2021. – 27 августа. // https://iie.kz/?p=12967 (дата обращения – 10.11.2021 г.)
  4. Әпендиев А.А., Болатхан Ә. Научные командировки в рамках проекта «Крестьянство Казахстана в послевоенное десятилетие: социальная трансформация и повседневность». // Сайт Института истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова. – 2021. – 27 августа. // https://iie.kz/?p=12967&lang=ru (дата обращения – 10.11.2021 г.)
  5. Болатхан Ә. Научная командировка в г. Москва в рамках проекта «Крестьянство Казахстана в послевоенное десятилетие: социальная трансформация и повседневность». // Сайт Института истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова. – 2021. – 25 октября. // https://iie.kz/?p=13252. (дата обращения – 10.11.2021 г.)

5) Конференция жинақтарындағы мақалалар:

  1. Абдрахманова К.К. Проблемы изучения советского крестьянства в англо-американской историографии // Сборник материалов Международной научно-практической конференции «Актуальные проблемы аграрной истории Казахстана в советский период: власть и общество». – Алматы; Институт истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова, 2021. – С. 5-9.
  2. Абдрахманова К.К. Отражение аспектов истории крестьянской повседневности в казахстанской советской историографии // Материалы Республиканской научно-практической конференции с участием зарубежных ученых «Жуасовские чтения – 25», посвященной 30-летию государственной Независимости Республики Казахстан. – Караганда, Изд-во КарУ, 2021. – С.296-300.
  3. Әпендиев Т.Ә. 1945-1955 жж. Қазақстандағы ауыл тұрғындарының сандық көрсеткіші бойынша демографиялық процестер. // Сборник материалов Международной научно-практической конференции «Актуальные проблемы аграрной истории Казахстана в советский период: власть и общество». – Алматы; Институт истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова, 2021. – С.38-45.
  4. Жалмагамбетов Е.А. Күнделікті өмір тарихының зерттелуі мен шетелдік тарихнамадағы көрінісі // Сборник Международной научно-практической конференции «Научная индустрия европейского континента», Москва, 2021 г. (в печати)
  5. Жалмагамбетов Е.А. Күнделікті өмір тарихының методологиясы // Сборник Международной научно-практической конференции «Достижения в высшей школе», Москва, 2021 г. (в печати)
  6. Zakarya R. Survival strategies and mechanisms of adaptation of peasants of virgin lands to changing conditions. // Сборник материалов Международной научно-практической конференции «Актуальные проблемы аграрной истории Казахстана в советский период: власть и общество». – Алматы; Институт истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова, 2021. – С. 70-72.
  7. Қали А.Н. Күнделікті тарих және ерекшелігі: соғыстан кейінгі жылдардағы білім беру саласында. // Сборник материалов Международной научно-практической конференции «Актуальные проблемы аграрной истории Казахстана в советский период: власть и общество». – Алматы; Институт истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова, 2021. – С. 93-99.
  8. Козыбаева М.М. Социально-экономическое положение крестьянства Северо-Казахстанской области в послевоенный период // Сборник материалов Международной научно-практической конференции «Актуальные проблемы аграрной истории Казахстана в советский период: власть и общество». – Алматы; Институт истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова, 2021. – С. 100-108.
  9. Проведение Международной научно-практической конференции «Актуальные проблемы аграрной истории Казахстана в советский период: власть и общество». // Сайт Института истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова. – 2021. – 25 мая. // https://iie.kz/?p=12652&lang=ru (дата обращения – 10.11.2021 г.)
  10. «Кеңес кезеңіндегі Қазақстанның аграрлық тарихының өзекті мәселелері: билік және қоғам» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. // Сайт Института истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова. – 2021, 25 мая // https://iie.kz/?p=12652 &lang=kk (дата обращения – 10.11.2021 г.)

6) Конференциялардағы сөз сөйлеулер мен баяндамалар:

1. Болатхан Ә. Здесь живут колхозники: повседневность крестьянства в фотографиях // Материалы Международной научно-практической конференции «Актуальные проблемы аграрной истории Казахстана в советский период: власть и общество». – Алматы, 2021

2. Куркеев Е.М. Соғыстан кейінгі кезеңдегі Оңтүстік Қазақстан өңірі шаруаларының тұрмыстық жағдайлары // Материалы Международной научно-практической конференции «Актуальные проблемы аграрной истории Казахстана в советский период: власть и общество». – Алматы, 2021