Байжұманова Замзагуль Бекежанқызы – ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің кіші ғылыми қызметкері.
1975 жылы 4 наурызда Талдықорған облысы (қазіргі – Алматы облысында), Пафилов ауданы, Қоңырөлең ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Қоңырөлең орта мектебін аяқтады. 1992-1997 жылдар арлығында Абай атындағы ҚазМПУ халықаралық қатынастар факультеті «Саясаттану» мамандығы бойынша білім алған.
2003 жылдан 2005 жылға дейін Абай атындағы ҚазҰПУ-нің халықаралық қатынастар факультеті, теориялық және қолданбалы саясаттану кафедрасының аға лаборанты болып қызмет атқарды.
2005-2013 жылдар аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-нің тарих факультеті, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушы қызметін атқарды.
2013 жылдың қазан айынан бастап Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтыны тарихнама, деректану және заманауи метолодология бөлімінің кіші ғылыми қызметкері.