ҒЫЛЫМИ-ӘДІСНАМАЛЫҚ СЕМИНАР ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ
2023 жыл
1-тақырып: М. Фуконың үкімет (мемлекеттілік / governmentality) теориясын Қазақcтан компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Д.А. Қонаевтың (1950 жылдардың аяғы – 1986 ж. желтоқсан) қызметін зерттеуде қолдану әдістері
Семинардың мақсаты – 1950-1980 жылдардағы қазақ партия қызметкерлерінің қызметін зерттеуге үкімет (мемлекеттілік / governmentality) теориясын қолдану әдістерін қарастыру.
Модератор:
Мұхатова Оразгүл Хасеновна –Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор.
Баяндамашы: Қасымова Дидар Бисенғалиқызы
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты
2-тақырып: Трансформация көшпелі қоғамды жаңғырту кезеңдерінің бірі ретінде (Бөкей хандығы қазақтарының мысалында)» атты республикалық əдістемелік семинар
2023 жылғы 31 қазан
Мақсаты – Бөкей хандығы қазақтарының көшпелі қоғамын трансформациялау үдерісін және оны жаңғырту нәтижелерін ашу.
Модератор: Мұхатова Оразгүл Хасеновқызы
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор.
Баяндамашы: Шотанова Ғалия Айтжанқызы
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты.
Мақсаты – модернизациялық трансформацияның басталу себептерін ашу, Жәңгір ханның Бөкей Ордасындағы рөлін мұрағат деректеріне сүйене отырып бағалау, ханның «прогрессивті» саясатының сәтсіздікке ұшырау себептерін көрсету.
Институттың жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Ғалия Шотанова «трансформация» және «модернизация» терминдеріне анықтама беріп, Бөкей хандығының пайда болуы, оның құрылу себептері мен хандықтың аумағы туралы баяндады. Баяндама авторының айтуынша, Бөкей хандығын Ресей империясының билігі Еділ мен Жайық өзендерінің аралығындағы аумақта 1801 жылы жерде құрған. Хандық құрамына Қазақстанның қазіргі Батыс Қазақстан және Атырау облыстары аудандарының бір бөлігі, сондай-ақ Ресей Федерациясының Астрахань және Волгоград облыстары кірді. Хандықтың пайда болуының тағы бір себебі 1771 жылы Еділ бойы қалмақтарының Қытайға қоныс аударуынан бұл жерлердің бос қалуы, жайылым шекараларының қысқаруы және 18 ғасырда барымтаның бұрын-соңды болмаған өсуі еді. Жәңгір хан билеген дәуір хандықтың өрлеу кезеңі дейді тарихшы. Оны тарихшы ислам дінінің күшеюі, тауар-ақша қатынастарының енуі сияқты фактілермен дәлелдейді. Сонымен қатар хан өз қол астындағылардың білім алуына, еуропалық мәдениет пен білімнің енгізілуіне, ислам дінінің дамуына баса көңіл бөлгендігін жаңа методологиялық зерттеу жолымен кеңінен баяндады.
Семинар соңында қатысушылар құрамы тақырыпты ғылыми тұрғыда талқылады. Сонымен қатар, ұсыныстарын ортаға салып, ой тұжырымдарымен бөлісті. Олар: Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен пәнаралық байланыста көшпелілер мәдениетін зерттеу бойынша ғылыми жоба даярлауды назарға алу; Ш.Ш. Уәлиханов атындығы Тарих және этнология институты мен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы арасындағы ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМ ға ие болуды және институт ғалымдарының тарихи документальды, көркем фильмдерге кеңесші ретінде қатысуын назарға алу; Жәңгір хан тұсындағы прогрессивті: экономикалық, мәдени және рухани дамудың деңгейіне баға беруде өркениеттілік бағытын ұстану.
3-тақырып: «Қазақстандағы халық санағын зерттеудің жаңа әдістері»
5 желтоқсан, 2023 жыл/
Семинардың мақсаты – санақ материалдарының халық санын анықтаудағы негізгі деректігін көрсету.
Модератор: Мұхатова Оразгүл Хасеновқызы
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор.
Баяндамашы:
Құдайбергенова Айжамал Ибрагимқызы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, доцент
Методологиялық семинардың мақсаты– санақ материалдарының халық санын анықтаудағы негізгі деректігін көрсету.
Методологиялық семинарымызға қызығушылық танытқан ғалымдар, мамандар, докторанттар мен магистранттар, студенттер қатысып пікір білдіруге шақырылып, семинар офлайн және онлайн форматта жүргізілді. Іс шара барысында спикер санақ түсінігіне сипаттама бере келіп, Қазақстандағы санақ жүргізу тарихына тоқталып өтті. Сонымен қатар санақ жүргізудегі математикалық, электрондық әдістердің тиімділігі жөнінде баяндады. Сондай-ақ санақ нәтижелерінің мемлекетіміздің дамуына тигізер пайдасы туралы атап өтті.
Методологиялық семинарға қатысушылардың қызу талқылауларының нәтижесінде келесідей ұсыныстар айтылды: тарихшылар, әлеуметтанушылар, статистика, т.б. мамандар қатысатын пәнаралық деңгейдегі «Қазақстанның әлеуметтік-демографиялық дамуы» тақырыбында базалық-нысаналық қаржыландыру ғылыми-зерттеу жүргізу; «Шежірелердегі халық санағының нәтижелері» тақырыбында жас ғалымдарға – магистранттар мен докторанттарға арналған арнайы зерттеу байқауларын ұйымдастыру; Методологиялық семинар тақырыбы бойынша магистранттар мен докторанттар үшін әдістемелік құрал дайындау.